Блог
Жаңа COALGAE отынның артықшылығы
Оңтүстік Африкада мұнайдың баламасын тапты. Н.Мандела университетінің ғалымдары балдырлар мен көмір шаңының негізінде жаңа COALGAE отынын ойлап тапты. Жаңа отынның артықшылығы – оны өндіру үшін көмір өнеркәсібінің қалдықтары пайдаланылады. Бұл кәдеге жарату тұрғысынан да (экономикалық жағы), экологиялық тұрғыдан да тиімді. Сондай-ақ бұл отынның құрамына балдырлар кіреді. Оларды жасанды тоғанда өсіреді, концентрациялап, көмір шаңының қалдықтарымен араластырады. Жаңа отынның бағасы жоғары сапалы мұнайдың бағасына барабар болады деп күтіледі. COALGAE жылу мен энергия бөлу үшін қолданыла алады. Және сонысымен қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді. Көмірсутектің дәуірі аяқталғанына куә болатын сияқтымыз. Және жаңа экологиялық-экономикалық құрылымнан дер кезінде өз орнымызды алу үшін Қазақстанның осы жайттарға қалай бейімделетінін қазір шешу қажет.