Блог

Кездесулеріміздің жаңа форматы


07.10.2013
0

Кездесулеріміздің жаңа форматы

Жас ұрпақпен жұмысты және тәлімгерлікті мен өз өмірімнің ең маңызды бөлігі – өзімнің әлеуметтік миссиямның негізгі бағыттарының бірі деп санаймын. Осы жыл ішінде мен Қазақстанның бірқатар қалаларын (Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау) аралап, дәріс оқыдым. Біз көптеген қызықты сұхбаттар өткіздік, бар білгенімізді ортаға салдық, бұл барлығымыз үшін үлкен тәжірибе болды. Кері байланыстың арқасында бұл кездесулер көпшілігіне ары қарайғы беталысын анықтап, қолда бар жоспарларын түзетуге көмектесті. Ал бұл мен үшін жылдар бойы жинақтаған және іс жүзінде тексерілген бірегей тәжірибеммен бөлісу мүмкіндігі болды.

Қазір мен сайт пен әлеуметтік желілердің көмегімен менің пікірімді, кеңестерім мен қолдауымды қажетсінетін адамдармен белсенді түрде жазысып тұрамын. Біздің тілдесуімізді бұрынғыдан ашық әрі икемді етіп, тілек білдірушілердің көпшілігіне біздің желімізге қосылуға мүмкіндік беру үшін мен жаңа формат – онлайн-іс-шараларға көшуге бел будым.

Біз сұхбаттар, вебинарлар, онлайн конференциялар өткізуді жоспарлап отырмыз. Оларға шын мәнісінде қызығушылық білдірген әрбір адам, жаңа идеяларға аяқ басып, өз мақсатына қол жеткізуге дайын әрбір азамат қатыса алады. Бизнестегі жаңа беталыстар мен Қазақстанның мүддесі қорғалатын бірнеше ірі іс-шараларға дайындықтардың жүргізілуіне байланысты уақыт тығыз болғандықтан, жаңа формат бізге жиі араласуға, байланысқа қашықтықтан шығып отыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан біздің Қарағанды және Өскемен қалаларында қазан айының соңында өткізіледі деп жоспарланған дәрістеріміз онлайн форматта өтетін болады.

Мен осы сіздермен тірідей тілдесу мүмкіндігін жіберіп алғым келмейді, мен жүзбе-жүз кездесу мүмкіндіктерін талқылауға әрдайым әзірмін.

Онлайн-бағдарлама қазір жасалуда. Кестені жақын уақыттарда жариялайтын боламыз. Ал әзірге сіздердің хаттарыңыз бен сұрақтарыңызға bisekeev.com және Facebook арқылы қуана-қуана жауап беремін.

Кері байланыс пен ұсыныстар туындап жатса, қуанатын боламын!

Менімен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!

Добавить комментарий