Блог

Астанада бизнес-кездесу


01.04.2017
0

Астанада бизнес-кездесу

Құрметті оқырмандар, аптаны қорытындылай келе, сіздермен Астанада өткен бизнес-кездесуден алған əсерлеріммен бөліскім келеді. Елордалық аудиторияның алдында сөз сөйлеп тұрып, мен оқырмандардың көзінен қызығушылықты, дамуға жəне жетістікке жетуге деген ынта-жігерді көрдім.

 

Бұл мені əрине қуантты! Көптеген қызықты сұрақтар қойылды, оның ішінде - қалай көбірек табыс табуға болады.

 

Мен қатысушылармен көптеген тақырыптар бойынша білгеніммен бөлістім. Мысалы: өз салаңда кəсіби маман болу, өмірлік жолды анықтау, алға қойылған мақсатқа қол жеткізу жəне т.б. "Алғыс айта білу" тақырыбын қозғадым, жоспарлаудың маңызы, бақытты адам болу үшін əрдайым ақша керек еместігі жайында айттым. Жəне бүгін қатысушылардың пікірлерін оқып, əркімнің өзіне пайдалы ақпарат алғанын біліп, кездесудің бекер өтпегеніне қуандым. 

saryarka.org қар.Іс-шараны ұйымдастырған "Сарыарқа" кəсіпкерлер қауымдастығына алғыс айтқым келеді.

 

Жастар мен кəсіпкерлерге бір орында тұрып қалмай, дамуға көмектесетін адамдардың бары қандай жақсы!

 

Уақыт тауып, осы бизнес-кездесуге келген, ізінше өз əсерлерімен бөліскен барлық тыңдармандарға көп рақмет.

 

Барлығына рақмет! Істеріңіз алға бассын!

Добавить комментарий