Блог

Ата-баба тарихын көздің қарашығындай сақтап, құрмет білдіріңіздер


30.07.2013
0

Ата-баба тарихын көздің қарашығындай сақтап, құрмет білдіріңіздер

Мен Қазақстанда дүниеге келдім, Ресейде білім алдым, Сингапурда тұрып жатырмын, әлемді көп аралаймын. Алайда қай жерде жүрсем де, нағыз көшпенді, батыр болған түбірімді ұмытқан емеспін. Аймақтардағы жас кәсіпкерлер мен студенттерге арнап, дәріс оқып тұрып, елімнің көркейгені мен үшін қаншалықты маңызды екенін сезіп тұрамын. Бұл жерде өткенді сағынғандықтан немесе бизнес мәселелеріне байланысты болғандықтан емес, адам өзі дүниеге келген жермен, өз халқының тарихымен ұдайы байланыста болады. Жақында менің туыстарым әулетіміздің бүкіл тарихын қалпына келтіріп, біз әулетіміз бастау алған жерлердің барлығын араладық.

Шілде айында мен Орынбор облысының Орск қаласының түбінде (бұрын кент Үрпия деп аталған, қазір Крыловка) болдым. Сол жерде менің бабам Дербісәлі Беркімбаев өсіп-өнген. Менің бабам өзінің бүкіл өмірін Ресей империясы мен Қазақстан арасындағы ең күрделі мәселелерді шешуге арнаған. Себебі ол кезеңде іргелес жатқан көршілермен әрдайым бітімге келіп, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған жерлерін сақтап отырған. Ол біздің байырғы астанамыз – Орынбордағы солтүстік қазақтарының арасында үлкен құрметке ие болған. Және өзін екі елдің арасындағы бейбітшілікті сақтауға арнаған. Оның беделі мен даналығының арқасында Қазақстан мен Ресей көптеген ғасырлар бойы бейбіт өмір сүрді.

Көбіне-көп орыс тілі мен мәдениетін жақсы білуі оған Ресеймен келіссөздер жүргізуге септігін тигізді. Бабам өзінің отандастарының арасындағы сауатсыздықты жойып, білімділік деңгейін арттыру үшін көптеген орыс ғалымдары мен мұғалімдерін шақырған.

Сондықтан ұдайы білім алып, біліммен бөлісу біздің қанда бар дүние. Менің бабам Романовтар әулетінің 300 жылдық мерекесіне шақырылған жалғыз қазақ болған. Бұл Ресей зиялыларының оны жоғары бағалап, мойындағанын білдіреді. Оның құрметіне Орск қаласында мешіт тұрғызылған, мектеп аталған, оның туған жерінде Дербісәлі Беркімбаевтың атындағы мавзолей бар.Оның құрметіне волейболдан турнирлер өткізіліп тұрады.

Осы жолғы аралау маған осы Ұлы Адамның өміріне қатыстылығым үшін мақтаныш сезімін жаңа күшпен сезінуге мүмкіндік берді. Мен өз түбіріңді жадыда сақтап, алдыңғы буын тәжрибесін сақтап, оны молайтып, өз әулетіңнің тарихын құрметтеп, оны көзіңнің қарашығындай сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет ұқтым. Мен сол жерлерді аралап, өзімнің бабам болып табылатын адамның қалдырған ізін көріп, бойымды шабыт кернеді.

Құрметті достар, менің сіздерге айтпағым: өз ата-бабаларыңыз туралы әрдайым біліп, үлкен құрмет танытып жүріңіздер. Қазақтың жеті атаны біл деуі тегін емес. Бұл түбіріңді біліп, өз күшің мен армандарыңа сеніп, оларға деген шексіз құрметтің негізінде жақсы адам болып қалуыңа мүмкіндік береді.

Суреттер мына жерде.

Добавить комментарий