Блог
Өте маңызды ескерткіш
02.11.2016
0
Жақында Қазақстан үшін аса маңызды оқиға орын алды. Қаруласы Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіштің ресми ашылуы болды. Аты аңызға айналған жерлесімізге қатысты тарихи әділдік орнады деп санауға болады.
Елордада өте маңызды ескерткіш тұрғызылды. Ұлы жауынгеріміздің құрметіне лайықты іс жасалды. Ел тарихын біліп қана қою жеткіліксіз, оны дәріптеп, тарихи сабақтастықты қамтамасыз ету қажет. Бұдан былай, кейінгі ұрпақ та біліп, отандасымызды мақтан тұтатын болады.