Блог
Үздіктерді іздеу – велосипед ойлап таппаймыз – әлемдік тәжірибені қолданамыз
Жақында «Неліктен Қазақстан әлі күнге дейін екінші Сингапурға айналмады» деген мақаланы оқыдым. Онда Әсет Исекешев мамандарды даярлау мен елге интеллектуалдарды тартудағы үйлесімділік жайында сөз қозғайды. Былайша айтқанда, мамандарды тарта отырып, оларды ел ішінен дайындап – үйлесім табайық.
Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. «Үздіктерді іздеу» қалалар мен елдерді дамыту құралы ретінде бұрыннан бар. Мысалы І Петр Санкт-Петерборды салып, дамыту үшін Голландиядан 900 маман шақырған, сондай-ақ жас орыс жігіттерін шетелге тәжірибе жинақтауға жіберіп отырған.
Мен қазір Сингапурда тұрамын. Бұл – мемлекет экспаттар үшін жақсы жағдай жасауы керек деген қағидамен өмір сүретін елдің тамаша үлгісі. Бұл қысқа мерзім ішінде елеулі нәтижелер берді. Елге жетпеген құзыреттіліктерді енгізген дәл солар.
Қазақстанға табысты шетелдік тәжірибесі бар дәл осындай енгізушілер керек, ал ел ішінде оларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сондай-ақ қазақ мамандары ағылшын тілін біліп, бизнес жүргізу мен өсу үшін жайлы жағдайлар қажет. Жалпы ағылшын тілін игеруді барлығының алдына басты мәселе етіп қою керек. Әйтпесе, барлығы әлдеқайда баяу дамып, жүйелі өзгеріс орын алмайды.
Азиялық ел ретінде біздің мықты тұсымыз – ғасырлар бойы ішкі сарапшылықты өсіріп, сақтай білу, сондай-ақ жақсы қарым-қатынас құра білу (мемлекет ішінде, сондай-ақ көршілермен). Сыртқы сарапшылықпен, елге ең үздіктерді тарта отырып, барымызды жетілдіре түсіп, неге қол жеткізе алатынымызды қарайық.
Және әрине байланыс – бұл ең маңыздысы. Алайда біздің «Мен Бәкеден келдім» дегенді “I’m from Bake with experience and skills” немесе тіпті “I’m qualified expert with deep knowledge and wide experience…and here is my reference from Bake” дегенмен ауыстыруға болады.