Блог
Келешегі бар бизнес саласы
Бүкіл әлемде тұтынушылардың келесідей тұрақты беталысы қалыптасты – адамдар экологиялық тұрғыдан таза өнімдер сатып алғысы келеді. Және тіпті сұраныс кейде ұсыныстан асады. Бұл жаңадан ашылып келе жатқан, келешегі бар бизнес саласы. Түрлі типті (отбасылық және т.б.) және бағыттағы (мал шаруашылығы, егін шаруашылығы және т.б.) эко-фирмаларды ұйымдастыру жақсы шешім болар еді. Қазақстанда мұндай кәсіпті ашуға қажет барлық ресурстар бар. Мемлекетке тек арнайы шарттар жасау ғана қалды. Бірден бірнеше мәселе шешімін табар еді: азық-түлік қауіпсіздігі, ауылды жұмыспен қамту және т.б. Бір ғана сіңімді тамақтану саласында-ақ оң әсер алар едік. Себебі, ДДҰ мәліметтері бойынша, өлім-жітімнің 60 % дұрыс емес тамақтанудан болған аурулармен байланысты. Атап айтқанда, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық ауруларға әкеп соғады.