Блог

Су ішіңіздер де дендеріңіз сау болсын!


02.02.2017
0

Су ішіңіздер де дендеріңіз сау болсын!

Суды пайдаланудың пайдасы туралы барлығы біледі. Алайда оны уақытылы әрі керекті көлемде ішетін адам кемде кем. Ал денсаулықтары мықты боп келетін, ұзақ өмір сүретін жапондықтардың құпиясы – олар ұйқыдан тұра сала бір стақан таза су ішеді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, таңертең су ішкенде, бірінші кезекте ағзадағы зат алмасу процестері жақсы жүреді. Осылайша, күн бойы ағзадағы судың мөлшері бірқалыпта тұрады. Сонымен қатар, судың буындарға оң әсер ететіні, бастың сақинасын емдеп, тахикардия талмасын тоқтататыны, қандағы холестериннің төмендеуіне септесіп, қан қысымын реттейтіні, көздің көру қабілетімен байланысты бірқатар түйткілдерді шешетіні дәлелденген. Мұнан басқа, су басты энергия көзі болып табылады, адам ағзасына көп пайдасын тигізеді, адамның өзін жақсы сезінуіне ықпал етеді. Сондықтан, достар, таңды шынаяқ кофе немесе шәйдан емес, бір стақан таза сумен бастауға дағдыланыңыздар. Су ішіңіздер де дендеріңіз сау болсын!

Добавить комментарий