Блог
«Заманауи бизнестегі жоспарлау»
Мақсатқа жетуде бастысы – жоспарлау. Бұл қиын емес: сіздің әлденемен айналысуға деген қызығушылығыңыз болған жағдайда іс-қимылдар жоспарын жазуға тырысу керек. Егер барлығын қарастырып, кезеңдер мен тапсырмаларға бөліп тастаса, нәтижеге қол жеткізуге болады. Жетістікке жетудің 50 % жоспарлауға байланысты. Егер сауатты жоспарлап, белгілі бір ресурстарды, адамдарды тартып, барлығын есепке алсаң, меніңше барлығы міндетті түрде жүзеге асады. Бұл жобаларды басқару секілді. Бұл ғылымды адамдарға өз бизнесін бастардың алдында игерген жөн. Әдетте адамдардың 80-90% – бұл әдетте жақсы орындаушылар, олардың әрқайсысының нақты орны бар. Инженер, техник немесе тағы басқа біреу. Сондықтан адамдардың көпшілігі кім болғысы келетіндерін, жалақысы үшін азапқа төзбей, жұмысқа қызығушылықпен, қуана бару үшін не істеу керектігін анықтауы тиіс. Жастардың басты негізгі қателігі – білім мен ақшаның арасынан басымдылықты дұрыс таңдамау. Егер олар жұмысқа білім алу үшін барса, көп ұзамай олар табысты сарапшылар мен өз ісінің шеберлеріне айналады. Егер тек жалақы үшін барса, онда ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді.