Блог

ЖЭК дамыту жағына қарай толықтай бет бұру


14.02.2017
0

ЖЭК дамыту жағына қарай толықтай бет бұру

Бүгінгі таңда балама энергия көздері бетбұрысты кезеңде тұр. Олар тек тиімді және бәсекеге қабілетті ғана емес, сондай-ақ ұзақмерзімді табысты инвестициялар үшін тартымды болып табылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сай, 2016 жылы 30-дан астам елде балама энергия көздерінің бағасы дәстүрлі энергия тасығыштармен теңелді. Оларға еуропалық елдерден басқа, Бразилия, Мексика, Чили, Австралия жатады. Deutsche Bank талдаушыларының болжамы бойынша, алдағы бірнеше жылда ЖЭК пайдаланатын елдер саны әлемнің барлық мемлекеттерінің 80%-ға жуығын құрайды. Энергетикалық ресурстардың қазылатын түрлері саяси ықпал құралы түрінде де өз бағасын жоғалтады. Алайда Қазақстанның ЖЭК дамыту жағына қарай толықтай бет бұрып, бәсекелік артықшылықтардың басқа түрлерін де өсіруге және нығайтуға мүмкіндігі бар.

Добавить комментарий