Блог
Кедергілерді жақсы көріңіз!
Кедергілерді жақсы көріңіз, себебі олар өзіңізге жайлы ортадан шығып, дами бастауға мүмкіндік береді. Тек қорқыныш, білім мен тәжірибенің жеткіліксіздігі ғана олардан қашуға немесе олардан бұлтаруға мәжбүр етеді. Кедергілерден қашпаңыз, сонда дамуыңызды жалғастырасыз. Кедергілер қашан да болып отырады. Олар кез келген адамның өмірінде кездеседі. Олардан қашып құтылу мүмкін емес, олар бәрібір алдымыздан шығады. Сондықтан оларды пайдалануды, сынақ ретінде қабылдауды үйреніңіз! Сол кезде өз қорқынышыңызды жеңуді үйренесіз, жаңа тәжірибе, жаңа білім аласыз. Бұған уақыт жұмсауыңыз мүмкін, алайда жіберген уақытыңыз ақталады. Кедергіні жеңуден ләззат алатын боласыз. Есіңізде болсын, тіпті Эдисон да мыңдаған сәтсіз талпыныстардан кейін шамды жасап шығарған. Оның қолынан келді. Сіздің де қолыңыздан келеді!