Блог

Келісімшартқа қол жеткізу


06.04.2013
0

Келісімшартқа қол жеткізу

Қазіргі таңда отандық кәсіпкерлер отандық кәсіпорындарды қорғайтын нормалардың күші жойылатын Қазақстанның ДСҰ-ға ену сәтін қорқынышпен күтуде. Себебі ары қарай «кім кешіксе, сол көштің соңында қалады» деген қағида күшіне енеді.

«NADLOC жергілікті құрамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мәліметі бойынша, тапсырыстардың жалпы көлемінің 8 трлн ішінен 5 трлн жергілікті өндіріс қамтамасыз етеді. Алайда ұзақмерзімді келісімшартқа барлығы бірдей қол жеткізе алмайды. Оған себеп – отандық өндірушілердің өнімдердіңкең таңдауын ұсына алмауында.Бұл мәселені қазақстандық тауарөндірушілермен тауар өнімдерінің түрлерін көбейту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізу арқылы шешу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдау мен еліміздегі даму институттарын қатыстыра отырып,жаңа өндірістерді құру қарастырылуда.Алайда, бизнесменнің пікірінше, жергілікті құрам бағдарламасы күтілістерді басқа да себептер бойынша ақтамайды. «ҚазМұнайГаз» басшылығы қазақстандық құрамның белгіленгендей ондаған пайыз емес, іс жүзінде бар болғаны 2% құрайтынын жасырмайды. Мысалы, Бейнеу–Бозой–Шымкент газ құбыры салынуда. Қазақстан жобаға қаржының 50% құйды, ал ондағы мердігерлер – қытайлық СРР компаниясы мен үнділік менеджментті «Қазқұрылыссервис» компаниясы. Алайда Қытай аумағы арқылы өтетін осы газ құбырының бөлігіне Қазақстан ешқалай қатысып жатқан жоқ. Неліктен біз тіпті өз аумағымызда қазақстандықтар мен жергілікті компанияларды тарта алмаймыз?» деген сауал қояды «Арман» ЖШҚ президенті Серікбай Бисекеев. Оның айтуынша, аймақтарда адамдар жұмыссыз отыр, ал есесіне газ құбырының мердігерлері шетелдік мердігерлерді жалдайды да, тиісті сапаға ие емес арзан шешімдерді пайдаланады. «Иелік» құны деген ұғымды енгізуді ұсынамын, кәсіпқойлар мені түсінеді. Қысқаша айтқанда, бұл – капиталдық шығындар, отын шығыны, қосалқы бөлшектер, жалақы қоры, қондырғыны пайдаланудың тұтас кезеңіндегі сервистік жұмыстар. Сол кезде мемлекет сапалы шешімдер алып, бюджетті үнемдейді», - деп санайды Серікбай Бисекеев.

Өз кезегінде, «&»-ға берген сұхбатында Қазақстанның сервистік компаниялар одағының бас директоры Дәуіржан Ауғамбай айтқандай, отандық компанияларда ұзақмерзімді келісімшарт болмаған жағдайда, олар тұрақсыздыққа ұшырайды. «Бір жылға келісімшарт жасалады да, отандық кәсіпорын қажетті қондырғы немесе шикізатты сатып алу үшін банктен несие алатын жағдайды елестетіп көріңіздер. Жасалғанкелісімшарт пен алынған несиенің мерзімдері бір-біріне сәйкес келмейді», - деп ой бөлісті Ауғамбай мырза. Өз ойын ары қарай сабақтай отырып, ол тағы бір мысал келтіреді: кәсіпорын өз жұмысын сапалы орындайды. Алайда келісімшарт мерзімі аяқталған кезде ол келесі жылға жобаға қатысу үшін ұзақ мерзімге созылатын күрделі құжаттарды дайындау ісіне қайта кіріседі. Сондай-ақ, кәсіпорын қымбат қондырғыны сатып алып, адамдарды қатыстырып қойған шақта келісімшартқа қол жеткізетініне толықтай сенімді бола алмайды. «Әлеуметтік факторды ешқашан назардан тыс ұстауға болмайды, себебі келісімшарты болмағанкезде кәсіпорын кейде персоналын қысқартуға мәжбүр болады. Ал бұл аймақтардағы әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді. Мұның отандық өндірушіні алға талпындырмайтын жүйкені тоздырарлық әрі жайсыз жағдай екеніне келісерсіз. Біздің Ақтөбе мен Ақтауда жұмыс істейтін бұрғылау компанияларының қатарындағы біздің мүшелеріміз мұндай жағдаймен кездесіп көрді. Сондықтан, мұны аса өзекті, көкейкесті мәселе деп санаймын», - дейді Қазақстанның сервистік компаниялар одағының бас директоры. Екінші жағынан, оның айтуынша, ұзақмерзімді келісімшарттың болуы кәсіпорындарға қарызды анағұрлым қолайлы шарттармен алуға мүмкіндік береді. Себебі қазір көптеген қаржылық институттар келісімшарт болған жағдайда қаржыландыруға келісім береді. «Әрине, әлі де шешілмеген түйіндер көп, алайда жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Мысалы, ТШО-да қазақстандық құрамды дамытуға бағытталған ұзақмерзімді келісімшарттық бағдар қабылданған. Ал мердігерлермен 5 және одан да көп жылға жазылған барлық ұзақмерзімді келісімшарттар қазақстандық құрамды дамыту бойынша жоспардың болуын талап етеді. Демек, ТШО ұзақмерзімді келісімшарттар жасасуға дайын, ал осыны басқа да жер қойнауын пайдаланушылар үлгі етсе, жақсы болар еді», - деп санайды спикер. Оның айтуынша, негізінде ірі жер қойнауын пайдаланушылар біздің тауар өндірушілер үшін жабық болып табылатын айрықша регламенттер бойынша конкурстар өткізеді. Алайда мемлекеттің ұстанымы отандық компаниялар әзірге сәйкес халықаралық сертификаттарсыз, технологияларсыз, білікті персонал мен қондырғысыз, қауіп-қатері өте жоғары теңіз жобаларында жұмыс істеуге дайын емес дегенге саяды. Оның есесіне, жер қойнауын пайдаланушылардан жоғары технологиялар мен арнайы қондырғыларды талап етпейтін басқа да сатып алулар саласында барынша ашық болу талап етілуде.

Автор: Екатерина Корабаева, @KatriN_kEA

Мақала дереккөзіне сілтеме мұнда

Добавить комментарий