Блог

Жаңа дүниені тану және бастау ешқашан да кеш емес!


23.03.2017
0

Жаңа дүниені тану және бастау ешқашан да кеш емес!

Зейнеткер бағдарлама жасап үйрене ала ма? 81 жастағы жапондық зейнеткер Масако Вакамия дәл осылай жасады. Біздің кейіпкеріміз банкте 43 жыл тер төгіп, 60 жасында зейнетке шыққаннан кейін жоғары технологияларды игере бастады. Бар болғаны жарты жылдың ішінде ол Swiftбағдарламалау тілін үйреніп, iOS-қа арналған бағдарлама Hinadan-ды жасап шығарды (!). Ойын 3 наурыз күні атап өтілетін Hinamatsuri (Қыздар күні) мерекесіне арналған. Қосымша басқатырғыш түрінде жасалған. Қолданушы әдеттегі жапондық қуыршақтарды керекті тәртіпте орналастырады. Бұл үлгі аларлық дүние! Адам кез келген жасында, кез келген жағдайда жаңа әлденені үйрене алады. Жаңа дүниені тану және бастау ешқашан да кеш емес!

Добавить комментарий