Блог
B2B номинациясындағы «Жыл кәсіпкері-2012»
«Эрнст энд Янг» компаниясы ұйымдастырған халықаралық «Жыл кәсіпкері» Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық байқауының «B2B» номинациясындағы жеңімпазы анықталды. 29 қараша күні Мәскеуде өткен 2012 жылғы финалистерді марапттау салтанатында «Жыл кәсіпкері» байқауының аталмыш номинациясы бойынша «Арман» холдингінің президенті Серікбай Бисекеев (Санкт-Петербор) жеңімпаз атанды.
Байқау жөнінде:«Жыл кәсіпкері» байқауы – кәсіпкерлік саласындағы ең беделді сыйлық.Бұл марапаттың басқалардан ерекшелетіні: олар шығармашылық әлеуетке ие, басқаларды өз идеяларымен қызықтыра алатын, оларды өзінің ынтасы мен жетістіктері арқылы қызықтыра алатын кәсіпкерлерді жеңімпаз деп таниды.«Эрнст энд Янг» ұсынған «Жыл кәсіпкері» сыйлығы – жетекші кәсіпкерлердің ұлттық және әлемдік экономикаға қосқан үлесін тануға, байқауға қатысушы-елдердегі кәсіпкерлік белсенділік пен экономикалық өсуге көмектесетін, бүгінгі күннің табысты кәсіпкерлерін, бизнес әлеміндегі шығармашыл адамдарды жаңа биіктерді бағындыруға ынталандыратын, кәсіпкерлердің келесі ұрпағына үлгі болатын бүгінгі бизнестегі тұлғаларды іздейтін халықаралық сыйлық.
Бүгінде «Жыл кәсіпкері» әлемдік ЖІӨ-нің 90% астамын еншілейтін 50 елдің 140-тан астам қаласында өтеді.Соңғы бес жылда 6500-ден астам кәсіпкер біздің байқауымызға қатысып, халықаралық кәсіпкерлер қоғамдастығының мүшесі атанды. Олардың қатарында бүкіл әлемге танымал компания басшылары бар. Олардың жартысынан астамы NASDAQ-100 индексіне енген. Атап өтетін жайт, көптеген басшылардың табыстары біздің тарапымыздан олардың компаниялары аталмыш индекске кірмей тұрып, танылған болатын.
Бейнежазба мына жерде.