Блог

ЖЭК инновациялары


04.04.2017
0

ЖЭК инновациялары

ЖЭК инновациялары нарығы күн өткен сайын дамуда. Мысалы, Испанияда SEAT автоөндірушісі мен Aqualia су құбыры компаниясы бірлесіп, кәріз суынан автомобиль жанармайын өндіретін технологияны ойлап тапты (!).

 

Бұл инновация бірден бірнеше түйткілді шешуге қабілетті. Бір жағынан бұл машиналардың зиянды заттар бөлуін әдеттегі жанармаймен салыстырғанда 80%-ға қысқартады. Екінші жағынан – су қайта пайдаланады. Бұл ретте инновациялық отынды сұйылтылған газды пайдаланатын барлық автомобильдерде пайдалануға болады.

 

Компаниялардың мәліметтері бойынша, орташа өлшемді су тазалау құрылғысы күніне шамамен 10 000 м3 қайта өңдейді, оның ішінен 990 м3 газ алуға болады. Бұл көлем 150 автомобильдің күн сайын 100 км жүруіне жетеді.

Добавить комментарий