Блог

Брайан Дайсон тамаша сипаттайды


08.02.2017
0

Брайан Дайсон тамаша сипаттайды

Жұмыс пен мансап, материалдық жетістік, отбасы, денсаулық, демалыс, достар – осының ішінде қайсысы маңызды? Осы салалардың барлығының арасында тепе-теңдік сақтап, үйлесімді өмір сүруге бола ма? Шын мәнісінде осылардың арасында тепе-теңдік ұстау оңай емес, алайда әрқайсымыз осы мақсатқа ұмтылуымыз керек. Және осы өмір сүру үлгісін Coca-Cola-ның бұрынғы СЕО Брайан Дайсон тамаша сипаттайды: «Өмірді бес шарды айналдырып тұруға негізделген ойын деп қарастырыңыз. Бұл кішкене шарлар – Жұмыс, Отбасы, Денсаулық, Достар және Жан дүние. Және сіздің мақсатыңыз – оларды ұдайы жерге түсірмей, ауада айналдырып тұру. Көп ұзамай, Жұмыс деген шардың резеңкеден жасалғанын түсінесіз – егер оны байқамай жерге түсіріп алсаңыз, ол секіріп, өзіңізге қайта оралады. Алайда қалған төрт шар – Отбасы, Денсаулық, Достар және Жан дүние әйнектен жасалған. Және сіз олардың бірін түсіріп алсаңыз, оны қайта қалпына келтіре алмайсыз, соғылады, сызат түседі, зақым келеді немесен бүтіндей сынады. Ол ешқашан бұрынғыдай болмайды. Сіз осыны ескеріп, қиын жағдайларға жол бермеуге тырысуыңыз керек. Жұмыс уақытында барынша тиімді жұмыс істеңіз де, үйге уақытында қайтыңыз. Отбасыңызға, достарыңызға және толыққанды демалысқа жеткілікті уақыт бөліңіз. Құнды дүние бағаласа ғана құнды болмақ.»

Добавить комментарий