Блог
Жаңа жылдарыңызбен!
Құрметті достар! Өткен жыл Arman Holding-ке көптеген жеңістер мен жетістіктер әкелді, бизнес дамуы жолындағы кезекті бетбұрыс болды. Бизнестегі маңыздысы мен үшін сапаға мән беру. Бүкіл команда үздік көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған. Ол үшін біз ұдайы оқып, жетіліп, әлемдік тәжірибе мен білімді игеріп, өзімізге бейімдейміз. Жұмыс істеген жылдар бойы компания өнеркәсіпке арналған неміс байланыс жабдықтарын жеткізушіден технологиялар мен жүйелік интеграция саласындағы өндірушіге және әлемдік көшбасшыға дейінгі жолды еңсерді. Қазіргі таңда «Арман» компаниясында «дайын» жобаларды орындайтын 300-ден астам адам жұмыс істейді. Компания заманауи стандарттар бойынша жұмыс жасайтын және бүкіл әлем бойынша сұранысқа ие өзіндік өнім мен шешімдер шығара білді. Біз мұнымен тоқтап қалмақ емеспіз. Компанияның жетістігі тұтасқан Команда – Арман командасына байланысты. Біз қызметкерлеріміздің арқасына керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Барлығына: Командаға, серіктестер мен клиенттерге білдірілген сенім үшін алғыс айтқымыз келеді. Өз құзыреттіліктеріміз бен сапаны бірге арттыратын боламыз! Жемісті серіктестікті сақтаймыз! Шын жүректен денсаулық, амандық және табыстар тілейміз. Жаңа жылда барлық бастамаларымыз сәтті болғай! Arman Holding и Серикбай Бисекеев.