Блог

Жаңа жыл құтты болсын, достар!


31.12.2014
0

Жаңа жыл құтты болсын, достар!

Құрметті достар!

Жыл сайын, 31 желтоқсан күні мен өткен жылдың қорытындысын жасаймын. Жаңа жыл қарсаңы – қол жеткізілген нәтижелерге баға беру үшін таптырмайтын кезең. Біз армандарды жүзеге асыру үшін тер төктік, ойға алған жоспарларды қадам сайын жүзеге асырдық. Осы жылдың салымдары мен инвестициялары артуы үшін бәрін жасадық, Маңызды әрі Елеулі әлденеге қол жеткізу үшін тырыстық!

Достар, мен өз өмірімізді өзіміз жасаймыз дегенге сенемін. Кез келген істің табыстылығы оған деген сіздің қарым-қатынасыңызға және шабытыңызға байланысты. Оған табандылық пен нәтижеге деген сенімділікті қосыңыз, достарыңыз бен серіктестеріңіздің қолдауына ие болыңыз, биіктерді бағындырарыңыз анық!

Өткен жылға қараңыз, өз жетістіктеріңізбен марқайыңыз, ғаламат істерге қатысыңыз бар екеніңізге қуана біліңіз!

Мен 2015 жыл сіздер үшін оң өзгерістер мен батыл істердің жылы болсын деп тілеймін. Сізді өткен жылы қуантқанның барлығы болашақтағы жарқын жетістіктеріңіздің кепілі болсын! Өздеріңіздің жақсы жақтарыңызды нығайтып, сізді артқа тартатын қасиеттерден арылуларыңызды тілеймін.

Алға қадам басыңыздар!

Жаңа жылда алға қойған мақсаттарыңызға нық сеніммен, күш-жігермен қадам басыңыздар, ең қиын түйткілдерді шешіп, ең жарқын нәтижелерге қол жеткізіңіздер!

Табыс өзін көп күттірмейді!

Жаңа жылдарыңызбен!

 

Добавить комментарий