Блог

Су тазалау


14.03.2017
0

Су тазалау

Бұдан былай күн энергиясының көмегімен күніне 2000 литрге жуық суды тазалауға болады. Сонымен қатар басқа да мақсаттарда энергияны өндіруге, сақтауға және өзгертуге мүмкіндік бар. Tenkiv деп аталатын мұндай су тазалау жүйесін Калифорния штатындағы америкалықтар ойлап тапты. Tenkiv жобасының басты мақсаты ауызсу мен жаңартылатын қуат көздерін қолжетімді ету. Компанияның мәліметтеріне сай, осы әдіс арқылы жобаны іске асыру құны қазба отынды пайдаланатын шешімдермен салыстырғанда 5 есе арзан. Оның үстіне, бұл күн технологиясының құны күн панельдерінің басқа шешімдерімен салыстырғанда 1/13 құрайды. Water.org деректеріне сүйенсек, әлемдегі әрбір оныншы адамның таза суға қолы жетпейді. Мұндай технологиялар қазақстандықтар үшін де таптырмас шешім болар еді. Себіб ауызсу сапасы мәселесі елімізде әлі де өзекті мәселе болып табылады.

Добавить комментарий