Блог
жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кеңес
25.01.2017
0
Жиі ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер бір қателікті қайталайды. Олардың көбісі шығындарды бақылаумен байланысты. Оларды барынша азайтуға тырысу қажет. Бизнесті бастаған шақта құрылымды үлкейтіп, қызметкерлерді көбейтудің қажеті жоқ. Оның орнына сіз үшін түпкі өнімді немесе қызметті жасамайтын, бәсекелік артықшылықтар жасамайтын персоналды аутсорсингке алған жөн. Ісін жаңадан бастаған бизнес үшін бухгалтерді, заңгерді, колл-орталық маманын, хатшыны штаттан тыс келісімді ақыға ұстаған жөн деп санаймын. Осылайша, сіз өз шығындарыңызды азайтасыз. Басты назарды сіздің өніміңізді жасау бойынша білімі мен құзыреттіліктері бар мамандарға аудару қажет. Сонымен қатар әрине сатылым бойынша менеджерлер штатты қызметкерлер болуы тиіс.