Блог

Таныс-тамырсыз байланыс орнату


18.04.2013
0

Таныс-тамырсыз байланыс орнату

Мұны «Арман» инжинирингтік компаниясының басшысы Серікбай Бисекеев ұйымдастыруда.

Бизнес неғұрлым күрделі әрі ерекше болған сайын әлдебіреудің онымен айналыса қоюы екіталай. Жан баспаған орманды басу, өзіне сенім білдіріп, талмай жұмыс істеу – кез келген жобаның табысқа жетуінің кілті деп біледі «Арман» инжинирингтік компаниясының президенті Серікбай Бисекеев.

Ірі кәсіпорындарға арналған өнеркәсіптік байланыс жүйелеріне бекіген «Арман» компаниясы 2000 жылы Neumann Elektronik неміс қондырғысын Ресейге жеткізуші ретінде қызмет етіп бастады. Кейін ол өз қондырғысын жасай бастады. Бизнесмен «Къге» берген сұхбатында айтқандай, мұндай ауқымды әрі ерекше бизнеспен айналысу идеясы алдыңғы жобаларының негізінде пайда болыпты. Жаңа идеяның басты критерийі оның қиын қайталануы болды. «Ақшасы көп біреу келеді де, кез келген бизнесті көшіре салады. Әкімшілік ресурсқа, көп ақшаға, өндірушілердің квотасына ие бола отырып, дүкеннің ашылуын көшіру әлдеқайда жеңіл. Бәсекеге қабілетті болу үшін жобаны қайталау қиын болатындай етіп жасау керек», - деп түсіндірді кәсіпкер. Басты мақсаты үлкен ресурстарға ие болмай-ақ, әлеуетті бәсекелестерден қорғану, нарыққа кіруге кедергі қою болды.Табыстың тағы бір құпиясы Бисекеев мырзаның айтуынша, «сән жасай білу». «ТМД-да қатты дыбыстағыш байланыс нарығы болған емес. Солайша, мен «сән жасауға», нарықтың дамуын алдын ала көруге болатынын түсіндім», - деді бизнесмен. Нарықта өнеркәсіптік сандық байланыс болған жоқ, сондықтан бизнесмен Еуропадан жеткізілім жасау туралы шешім қабылдады. Ізінше, өз бетімен осы бағытты дамытты. Сұранысты нөлден бастап құрудың теріс тұстары да бар: жаңа «сәнге» сенбеуі мүмкін. Бір жыл бойы бірінші келісімшарттарды жасасу кезінде клиенттерді байланыс жүйелерінің жұмыс мәселелерін шешуге, қызметкерлер жұмысының қауіпсіздігін арттыратынына, технологиялық үдерістерді, кәсіпорынды басқаруды жеңілдетеніне сендіріп, көндіру керек болды.2000-шы жылдардың басында жобаны іске қосуға арналған инвестиция көлемі – 100-200 мың АҚШ долларын құрады. Қатты дыбыстағыш байланыс үшін Бисекеев мырза үлкен тәуекелге барды: пәтері мен басқа да дүниелерін сатып жіберді. «Алайда ақша – бұл мақсатқа жетудегі құрал ғана», - дейді Серікбай Бисекеев. Бизнесмен бұдан он есе аз инвестициямен әрбір адам өз бизнесін аша алатынына сенімді.Ресейлік өнеркәсіптік байланыс нарығына ол ешбір «байланыссыз» келді: «Менен бұл туралы жиі сұрайды. Менің жауабым: 16 жастағы балада Санкт-Петерборда қандай байланыс болуы мүмкін? Оның үстіне Мәскеу мен Питерде Азиядан келген адамдарды аса іш тарта қоймайтынын бәріміз білеміз. Мені ешкім де құшақ жая қарсы алған жоқ. Сондықтан, идея керек, тіпті, бірден барлығы болып кетпесе де, талмай еңбек ету қажет», - деді ол.

Қазіргі таңда «Арман» өзінің аумағын кеңейтуде. Қазақстандық клиенттердің қатарында – «Метрополитен Алматы» компаниясы, Астана әуежайы, Шымкент МӨЗ, «Интергаз», ҚР Қорғаныс министрлігі және т.б. Бисекеев мырзаның айтуы бойынша, жоспарда ҚР ТЖМ хабарландыру жүйесін жабдықтау бар көрінеді. Оның айтуынша, министрдің атына хат жіберілген, алайда әзірге жауап жоқ.Бисекеев мырза қазақстандық компаниялар үшін жасалған ұсыныстың шартты бағасының төмендеуіне тап болған сияқты. Шетелдік компанияларға қазақстандық нарыққа ену аса қиын екенін бірнеше мәрте бизнеске арналған қондырғы мен қызмет жеткізушілері айтқан болатын. Нәтижесінде, компаниялар ұсынған технологиялардың сапасына қарамастан, ол шетелдік фирмалар алдында бәсекелік артықшылыққа ие емес. Топ-менеджердің айтуынша, тендерде қазір қондырғыны арзанырақ бағамен кім ұсынса, сол жеңеді. «Тендер жасайды да, сосын сервистік келісімшарт негізінде ондаған миллион доллар жасайды, себебі қондырғы уақыт өте келе жұмыс істеуін қояды», - дейді Бисекеев мырза.Оның пікірінше, анықтаушы көрсеткіш сатып алу кезіндегі қондырғының бағасы емес, сатып алу құнын, отынға кететін шығындарды, жөндеуге, сервистік қызмет көрсету мен т.б. кететін шығындарды қамтитын иелік құны болуы тиіс. Себебі 10 жылға (қондырғы орташа осынша уақыт қызмет етеді – «Къ») кететін барлық шығындарды санағанда, оның шын мәнісіндегі бағасы шығады. «Біздің қондырғы 2 жылдан кейін арзанырақ болады, ал 10 жылдан кейін басқалармен салыстырғанда 400% арзан болады. Алайда қазір Қазақстанда бұған ешкім мән бермейді. Бәріне арзан дүние керек, арзан нұсқалар ұсынылады да, сервистік қызмет көрсету арқылы адамдар өз мүдделеріне жетеді. Бұл Қазақстанға заманауи шешімдерді әкелуге кедергі келтіреді», - деді «Къ» сұхбаттасы. Алайда бизнесмен өзінің Қазақстандағы түйткілдеріне аса қатты бас ауыртпайды: климаттық ерекшеліктер мен халықтың санының аздығына байланысты ҚР оның бизнесіне қолайлы орта емес.Компания өз өкілдіктерін Германияда, Үндістанда, Сингапурда, БАӘ-да дамытуды көздейді. «Егер біз бір жарым миллиард адам тұратын Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияда көшбасшы атансақ, бұл әлемдік нарықтағы рөлімізді маңызды ете түседі», - деп сөзін түйіндеді бизнесмен.Келесі қадам Бразилия нарығына ену болмақ. Ары қарай Серікбай Бисекеевтың айтуынша, интегралданған бизнес құру керек. Атап айтқанда, 2020 жылы бизнесмен пайдалануға дайын кәсіпорындарды салатын бас мердігер (ЕРС) болудан үмітті. «Қазақстанда қазір нақты белгілі бір уақытта нақты бюджеттен сапасы тиісінше нысан салатын компаниялар аз», - дейді кәсіпкер жаңадан салынған нысандардың сапасына көңілі толмай. Түйткілдің шешімін барлығына бірдей тәуелсіз аудит ережелерін орнатудан көреді. «Мемлекет бұл бағытта көп жұмыс жасауда. Алайда бірінші тұлға мен тұтынушы арасындағы адамдардың бір бөлігі – әрқайсысы өз қалтасының қамын ойлайды», - деп санайды «Къ» сұхбаттасы.

Автор: Ирина Курбанова

Дереккөз мұнда

Добавить комментарий