Блог

Трансформация мечт во взрослые цели


14.07.2016
0

Трансформация мечт во взрослые цели

Сол жақтағы суретте менің 12 жаста жазған күнделігім тұр. Мен оған баскетболға қатысты мақсаттарымды жаздым. Негізі, спорт маған мақсатқа ұмтылуды және тәртіпке бағынуды үйретті.Ал оң жақта – жазылушыларым мен оқырмандарыма арнап, әдейі жасаған күнделігім. Ол менің өз күнделігім негізінде жасалған. Өсу тайға таңба басқандай көрініп тұр. Мен өстім, менің мақсат-міндеттерім өсті, менімен бірге Күнделігім де дамыды. Кішкентай жоспарлар үлкен жоспарларға айналды. Менің бойымда дарын жоқ, мен арманға жету бойынша нақты жоспарын орындаған қарапайым баламын. Сол армандар жоспардың арқасында белгілі бір уақытта жүзеге асты. Бала кездегі армандар ересек мақсаттарға ауысты. Алайда басты ұстаным – барлығын жоспарлау және жазып отыру – өзгеріссіз қалды. Және бұл кәдімгідей жұмыс істейтін, нәтижеге жеткізетін құрал.

Добавить комментарий