Блог

Тамаша кездесу Алматыда


16.04.2017
0

Тамаша кездесу Алматыда

Оқырмандарыммен, жазылушыларым мен достарыммен Алматыда тамаша кездесу өтті. «Бәрі де өз қолыңда» кітабым мен Жетістікке жету күнделігімнің шыққаны кеше ғана сияқты еді. Дегенмен, арада тұтас бір жыл өтіпті. Мұның кітап жазудағы алғашқы тәжірибем болғанына қарамастан, осы бір жыл ішінде кітап Қазақстанда ең көп сатылатын кітаптардың ондығына кірді. Еңбегіме деген қызығушылықтарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтам. Кітаптың сұранысқа ие болуына тікелей үлес қостыңыздар.

Алматыдағы кездесу сондай керемет өтті. Өз кітабымды жаңа форматта ұсындым. Енді тілек білдірушілер кітапты кез келген ыңғайлы нұсқада – жұмсақ мұқабада, электронды түрде немесе аудиокітап түрінде сатып ала алады. Алтын уақыттарын қиып, осы шығармашылық кездесуге келген барлық тыңдармандарға көп рақмет.

Қызығушылық білдіріп, жылы сөздеріңізді аямай, ақеден тілектеріңізді жаудырғандарыңыз үшін алғыс айтамын!

Істеріңіз оңға бассын, кездескенше!

Добавить комментарий