Блог

Бәсекелік артықшылықтарымызды нығайту


07.02.2017
0

Бәсекелік артықшылықтарымызды нығайту

Жаңартылатын энергия көздерін мойындамайтындарға өз көзқарастарын жақын арада өзгерту керек сияқты. Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің мәліметтері бойынша, әлемде тек жел энергиясын ғана тұтыну жыл сайын 24%-ға өседі. Мұндай қарқынмен жақын уақытта жел энергиясы бүкіләлемдік энергия өндірісінің жалпы көлемінің 18% құрайды.Бұл оп-оңай қол жеткізерлік көрсеткіш, себебі кейбір еуропалық елдер ЖЭК-ке өтуді мерзімінен бұрын жүзеге асыруда. Мысалы, Нидерландыда электр көліктің 100% ЖЭК-ке 2018 жылы өтуі керек болған. Ал іс жүзінде толықтай өту жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын іске асты. Ал бұл елде теміржол инфрақұрылымы жыл сайын 1,2 млрд кВт.с. тұтынады. Бұл көлемді қанағаттандыру үшін электр қуаты Нидерландыдағы, Бельгия мен Финляндиядағы жақында салынған жел стансаларында өндіріледі. Қазақстанның жел энергиясын өндірудегі әлеуеті өте жоғары. Оны тезірек игерсек, экономикамызды әртараптандырып, бәсекелік артықшылықтарымызды нығайта аламыз.

Добавить комментарий