Блог

Денсаулықтарыңызды нығайтуға кеңес беремін


24.01.2017
0

Денсаулықтарыңызды нығайтуға кеңес беремін

Шынығудың адам денсаулығына оң әсер ететіні ешкімге де құпия емес. Ол иммунитетті қалыптастыруға, ағзаның жұмысын жақсартуға және жалпы денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Шынығудың бір маңыздылығы – ол ауруды емдемейді, оның пайда болуының алдын алады (!). Және адамның жасы мен дене дайындығының деңгейіне қарамастан, кез келген адамға жарайды. Шынығу ағзаны тікелей нығайтып қана қоймай, оған оң әсерін береді: жүйке жүйесіне оңтайлы әсер етеді; бұлшықет күшін арттырады; қан айналымын жақсартады; артериалық қысымды қалыпқа келтіреді; зат алмасуды жақсартады; ағзаның төзімділігі мен жұмыс қабілетін арттырады; көңіл күйді жақсартып, сергектік береді, бүкіл ағзаны сергітеді. Барлықтарыңызға өз өмірлеріңізді өзгертіп, денсаулықтарыңызды нығайтуға кеңес беремін. Дендеріңіз сау болсын!

Добавить комментарий