Блог

Бірегей өнімдер


17.01.2017
0

Бірегей өнімдер

Нарықта бірегей өнім ғана ұтады деп әрдайым айтамын. Ол өз орнын сенімді әрі мықтылап алуға қабілетті. Әсіресе сыртқы нарықтарда. Қазақстанда мұны жақсы түсінетін кәсіпкерлердің бар екені қуантады. Оның бір көрінісі – «Нағыз алматылық апорт» жобасы. Оның негізін қалаушылар – жас кәсіпкерлер Андрей Ким мен Тимур Тақабаев. Олар алма бақтарының әлеуетін бағамдап, бұл мәселемен шынтуайттап айналысты. Апорттың басқа да елдерде өсетіні белгілі, алайда онда біздегідей дәмді әрі иісі аңқыған апорт өспейді. Алматылық апорт өзінің дәмдік қасиеттері мен өлшемінің арқасында әйгілі. Айтып өтетін жайт, бұл өте кірпяз сұрып, және жобаның өзі де қаржылық тұрғыдан күрделі. Алайда жігіттер өз мақсаттарына жетіп, апорттың табысты өндірушілеріне айналады деген сенімдемін. Себебі, ең бастысы – зор құлшыныспен жаныңды салып іс қылу. Жігіттер жарады! Оларға табыс тілеймін, істері өрге бассын!

Добавить комментарий