Блог

Орталық Азия үшін бірегей пилоттық жоба


25.04.2017
0

Орталық Азия үшін бірегей пилоттық жоба

Қазақстанда кез келген ауа райы жағдайында күн энергиясын тұрақты түрде беретін, Орталық Азия үшін бірегей пилоттық жоба іске асырылды. Осылайша, Қапшағай қаласында күн энергиясын жинақтайтын, қуаты 2 МВт EnergyPod жүйесі іске қосылды. Әдетте қосалқы стансада электр қуатының кенет өзгеруі салдарынан жабдық бұзылып, өткізгіштер күйіп, трансформатор өртеніп немесе жарылып кетіп жатады. Ал EnergyPod жүйесі тепе-теңдікті сақтап тұрады: кез келген ауа райының өзгерістеріне жылдам бейімделеді, қуатты теңелтеді, және бес сағат бойы оны сақтап тұрады. Мұндай энергия сақтаушы технологиялар Қазақстанға «жасыл» технологияларға» сәтті өтуге мүмкіндік береді. Себебі еліміз 2050 жылға қарай энергетиканың 50% ЖЭК көздерінің көмегімен өндіруді жоспарлап отыр. Ал мұндай көлемді инфрақұрылымға зиян тигізбестен тепе-теңдікте ұстап тұруға дәл осындай жүйелер мүмкіндік береді. Айтпақшы, оларды тек күн энергетикасында ғана емес, сондай-ақ жел, су энергетикасы үшін де пайдалануға болады.

Добавить комментарий