Блог

Балаларды тәрбиелеудегі маңызды мәселе


16.03.2017
0

Балаларды тәрбиелеудегі маңызды мәселе

Балаларды тәрбиелеудегі маңызды мәселе – адамзатқа ортақ құндылықтарға баулу. Оның ішінде ақшаға деген қарым-қатынас пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл – болашақтағы жетістіктің кепілі. Мәселен, Оңтүстік Калифорния (АҚШ) тұрғыны Райан Хикман 10 000$ табыс тауып үлгерді. 4 жыл бұрын 3 жасар Райан әкесімен бірге үйде жиналып қалған пластикалық бөтелкелерді қоқыс өңдеу орталығына тапсыруға барады. Сонда балаға бөтелкені түсіріп, ол үшін тиын алған ұнап қалады. Келесі күні-ақ бала әлгіндей қоқыстарды көршілерінен жинай бастайды. Осылайша оның еңбек жолы басталып кетті. 4 жыл ішінде бала екінші қайтара шикізатты жинау орталығына сұрыпталған қоқыстың 22 тоннасын тапсырады. Және сонысы үшін 10 000$ алды. Осы соманың 2 000$ қайырымдылыққа беріпті, ал қалған ақшаны ата-анасы баласының мектепті бітіргеннен кейінгі оқуына жұмсауды жоспарлап отыр. Мұны дұрыс тәрбиелеудің жарқын үлгісі десек болады.

Добавить комментарий