Блог

Тік бақ


02.03.2017
0

Тік бақ

Қалалық экоортаны жақсартудың тамаша шешімін Сиднейде ойлап тапты. Онда әлемдегі ең биік тік бақты жобалап шығарды. One Central Park деп аталады. Биік тұрғынүй ғимаратын пәтерлер мен кеңсежайлардың балкондарында өсетін жасыл шөп қаптайды. Шатырға айналар орнатылған. Олар күн сәулесі жетпейтін өсімдіктерді де жарықпен қамтамасыз етеді. Кешен екі тұрғын үй мұнарасынан және төмендегі бесқабатты шоппинг орталығынан тұрады. Әйнек ғимараттарға қарағанда, мұндай ғимаратты көрген халық таңданыстарын жасыра алмайды. Ол өте маңызды экологиялық түйткілді шешуде көмектеседі. Меніңше, қазақстандық қала құрылысымен айналысушылар тік бақтарды біздің де қалаларда көтеру жайында жақсылап ойланғандары жөн.

Добавить комментарий