Блог

Жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру


23.02.2017
0

Жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру

Қоғамда егде жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі көтерілмейді. Ал біле білсек, зейнеткерлердің көпшілігі үйде отырғысы келмейді, он екі мүшесі сау, еңбекке жарамды жандар қоғамға бір пайдасын тигізкісі келеді. Мұны ойластырса, зейнеткерлер жастардың нан тартып жеместен, өздеріне айналысатын іс табар еді. Мәселен, бразилиялық ағылшын тілі мектебі балаларға да, егде адамдарға да көмектесудің тамаша тәсілін ойлап тапты. Қой да аман, қасқыр да тоқ демекші, бразилиялық оқушылар ағылшын тілін үйреніп, америкалық қарттар үйлерінде тұратын кісілермен тілдерін машықтандырады.

Мұны қай жағынан алса да тамаша идея деп санаймын. Жастар үшін – бұл тілді жаттықтыру мүмкіндігі және бір жағынан қарттарға деген құрмет! Ал қарттар үшін – тірі жанмен тілдесіп, жалғыздықтан құтылудың тамаша мүмкіндігі.

Қазақстанда да осындай әлдене ойлап тапса керемет болар еді. Себебі бізде қазақ тілінің қанат жаюына белсене қатыса алатын ата-әжелер көп. Бұл сондай пайдалы, қолжетімді әрі жанды жадыратар іс!

Добавить комментарий