Блог
Бәрі өз қолымызда
Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, күмәніңіз болмасын, мүмкіндіктер табылады. Тіпті, 16 жасар британдық оқушы Мохаммед Әлидің өзі инвесторлар үшін тартымды жоба ойлап тапты. Инвесторлар тұтынушыларға тауарларды тиімді бағамен сатып алуға көмектесетін weneed1 ғаламтор-ресурсын сатуды ұсынады. Алайда, жас та болса бас жігітіміз өзінің старт-ап жобасын 5 млн. фунтқа сатудан бас тартты. Ол өз дүниесінің жақын уақытта әлдеқайда қымбат тұратынын болжап-білді. Және жас жігіт бағдарлама жасауды YouTube-тегі роликтерді қарап, салалық әдебиетті оқып, өз бетімен үйренген. Әли замандастарын өз идеяларын жүзеге асыруға ынталандырғысы келеді. Себебі шын мәнісінде бәрі өз қолымызда. Бастысы, идеяң, дамуға деген ықыласың болса, оны іске асыратын қаражат та табылады.