Блог

Адамгершілік


04.05.2017
0

Адамгершілік

Шын мәнісінде билік пен байлық биік құндылықтар, қарапайымдылық пен адамдарға деген қамқорлық болғанда ғана мәнге ие болады. Араб ханзадасы әрі Дубай әмірінің ұлы Хамдан ибн Мохаммед аль-Мактум адамгершілігінің жоғарылығымен көзге түсіп жүр. Жігітіміз қан тапсырып, донор болады. Одан басқа, Дубайдың аутизм орталығын басқарып, бірнеше қайырымдылық қорына жетекшілік етіп отыр. Ал жақын күндерде журналистер оның жүк көлігін жүргізетін қарапайым кісіге көмек көрсетіп жатқанын көріп қалды. Ханзада құмға батып қалған жүк көлігін көріп, өзінің «Гелендвагеніне» арқан байлап, сүйреп алып шығады. Ол «ұлық болсаң, кішік бол» деген қағиданы ұстанады екен. Адамдардың лауазымы мен мәртебесінің биіктігіне қарамастан, қарапайымдылығын жоғалтпағаны қандай жақсы.

Добавить комментарий