Блог

Денсаулықты күту – өмір салты болуы керек


18.01.2017
0

Денсаулықты күту – өмір салты болуы керек

Адамдар күнделікті қарбалас тірлікте өздерін, денсаулықтарын ұмытып кетеді. Өкінішке қарай, денсаулықтары сыртқаттанғанда естеріне түседі. Ал негізінен денсаулықты күту – өмір салты болуы керек! Медицина мамандары денсаулықтың жақсы болуы 50%-ға өзімізге байланысты деп санайды. Демек, өмір сүру салты мен өзіңе деген қарым-қатынасқа тәуелді. Ықпал етудің қалған факторлары былайша бөлінеді: қоршаған орта – 20%, генетикалық база –18-20%, денсаулық сақтау деңгейі – 8-10%. Сондықтан, достар, өздеріңіздің өмір сүру салттарыңызды талдаңыздар. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Өміріңіздің барлық саласында – отбасыда, бос уақытта, тұрмыста, қоғамда толыққанды өмір сүргіңіз келе ме?». Сіздің нық жауаптарыңызды нық әрекеттеріңіз растағаны маңызды. Бәлкім, ол дұрыс тамақтану, таңғы жүгіру, таза ауада серуендеу немесе шынығу болар. Таңдау өзіңізде. Есіңізде болсын: сізге өзіңізден артық ешкім көмектесе алмайды. Дендеріңіз сау болсын!

Добавить комментарий