Галерея
Сары Арқа қауымдастығы
САРЫАРҚА» бизнес қауымдастығының “SUCCESS STORY” жобасының аясында Астана қаласының бизнес қауымдастығына Ресейдегі «2012 жылдың кәсіпкері» сыйлығының иегері Серікбай Бисекеевтің жолы түсті.
Серікбай Бисекеев іс-шараның басында аудиторияға Ресейдегі бизнеске алғаш қадам басқан тұстарын айтып берді. Өрлеу мен құлдыраулар, 90-шы жылдардағы бизнес жүйесі туралы айтылды.
Ары қарай біздің спикеріміз елордалық кәсіпкерлерге өздігінен білім алу мен тұлғалық өсудің маңыздылығы туралы айтып берді. Сондай-ақ персоналды оқытудың маңыздылығы туралы сөз қозғады. «Бұл – біздің бәсекелестердің алдындағы басты артықшылығымыз», - деді Серікбай. .
Жалпы алғанда, «сұрақ-жауап» форматындағы кездесу аса қызықты өтті, қатысушылар көкейкесті сұрақтар қойып, нақты әрі келелі жауаптар алды.
«КАЗКА» қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының атынан тамаша сөз сөйлегені үшін Серікбай Бисекеевке, белсенділіктері үшін іс-шара қатысушыларына алғыс айтқымыз келеді.
Негізгі материалға сілтеме: Казахстанская Ассоциация Предпринимателей «Казка»