Дәрістер
СЕРІКБАЙ БИСЕКЕЕВ ҰСЫНҒАН «ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ»
07.04.2013
0
2013 жылдың 5 сәуірі күні университеттің 70 жылдығының құрметіне Ресейдегі 2012 жылғы «Жыл кәсіпкері» байқауында «В2В» номинациясында жеңіске жеткен Серікбай Бисекеевпен бірге залда кездесу өтті. Кездесу «Экономика және қаржы» факультетінде «Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өтті. Серікбай Бисекеев өзінің өмір жолы туралы әңгімелеп, істі жаңа бастаған кәсіпкерлерге «Жетістік жолы» атты дәріс оқыды.Іс-шараға М. Әуезов атындағы ОҚМУ мен Шымкент қ. басқа да жоғары оқу орындарының студенттері, Қауымдастық мүшелері, бизнес құрылым өкілдері, мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Осымен қатар іс-шараға облыстық жәнене қалалық деңгейдегі БАҚ өкілдері жиналды.