Дәрістер

Менің Америкам


11.12.2013
0

Менің Америкам

Жақында мен АҚШ-қа сапар шегіп келдім. Бұл сапар маған үлкен әсер сыйлады, шабыттандырды.

Джеффри Иммелд (CEO, General Electic) және Кьелл А. Нордстрем (танымал экономист, жазушы және белгілі тұлға) сияқты ұлы адамдармен танысып, біліскеніме қатты қуандым.

Әлемдік рейтингте 6-шы орынға табан тіреген әйгілі калифорниялық университеттегі 32 мың студентке арнап, үлкен ықыласпен дәріс оқыдым. Жастарға әлемде талай мүмкіндіктер ашылуда!Сондай-ақ, семинар қатысушыларының әсерлерімен бөліскім келеді:«Кездесу аса әсерлі өтті. Бисекеев мырза тәжірибесімен, кеңестерімен, уәждемелерімен бөлісті. Өз қорқынышыңды қалай жеңіп, алға қадам басу керектігі жөнінде әңгімеледі! Өз бизнесіңді құрғанда қандай негізгі және маңызды сәттерді ескеру керектігі жайлы айтып берді... Әрқайсымыз өзіне пайдалы әлденені түйдік. Өз басым осы кездесуді ұйымдастырған жастарға және кестесінің тығыздығына қарамастан, біздің жастар үшін дәріс оқуға ниет білдірген Бисекеев мырзаның өзіне үлкен алғыс айтамын!» - деді Әсел Тынышбай.

«АҚШ, Лос-Анджелестегі қазақстандық-студенттермен Сіздің кездесуіңізді ұйымдастырушылардың бірі болдым. Сізбен танысып, сізді тек табысты бизнесмен ретінде ғана танып қоймай, тартымды тұлғаны байқадым. Түрлі тақырыптарға әңгіме қозғап, Сізбен уақыт өткізу аса қызықты болды. Болашақ ұрпақпен жұмыс жасауға уақыт табатыныңызға рақмет. Сізге табыс тілеймін!» - деп өз ойымен кездесу ұйымдастырушыларының бірі Ален Расмұхаметов бөлісті.

«Сіздің дәрісіңізге қатыса алғаныма аса қуаныштымын. Ол маған өз-өзіме сеніп, барлығы өз қолымызда екенін, өз тағдырымызды өзіміз жасайтынымызды түсінуге көмектесті. Бұған жарқын мысал – Сізсіз. Сіздің дәрісіңіз бізге, Қазақстанның жас буынына өз болашағымыз бен елдің болашағын қалай жасау керектігін көрсетті», - деп жазды Шалқар Тілеужанов.

«Мен семинарға қатысқаныма аса қуаныштымын! Аса көп пайдалы ақпарат алдым, Сіз іске көшуге, жоспарлауға, жетіле түсуге ынталандырасыз. Мен Серікбай Бисекеевтің мұндай нәтижелерге жеткеніне және елдің игілігі үшін жұмыс істеп жүргеніне ризамын. Оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі зор, ал дәрістері көпшілікке жетістікке жетуге көмектеседі», - деп пікір білдірді Мейрамгүл Жиенбекова.

«Мен Серікбай Бисекеевке уақыт бөлгені үшін алғыс айтамын. «Өз» кәсібін тапқан адамды тыңдау әрдайым жанға жақын тиеді. Оған денсаулық, жұмыста да, жеке өмірінде де табыс, жеткен жетістігінде тоқтап қалмай, ары қарай жылжуды және әсіресе отанға деген сүйіспеншілігінің өшпеуін тілеймін», - деп жазды Үсен Жолдасов.

«Қызықты, ашық, танымдық әрі ынталандырушы дәрісіңіз үшін Сізге алғыс айтамын» - деді Әсел Әбдірахманова.

Достар, ыстық ықыластарыңыз үшін рақмет! Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Кездесу үшін тағы да алғыс айтамын, тілектеріңіз жүзеге ассын!

Добавить комментарий