IT-ИНЖИНИРИНГ САНАТЫНДА 1-ШІ ОРЫН


19.08.2014
0

IT-ИНЖИНИРИНГ САНАТЫНДА 1-ШІ ОРЫН

«Ресейдегі жаңғырту және инжиниринг – 2014» рейтингісінің қорытындысы жасалды. Оның қорытындысы бойынша «Арман» компаниясы «АТ-инжиниринг» аталамында екі жыл қатарынан үздік атанып отыр. «Управление производством» порталының тәуелсіз рейтингісі төртінші рет өткізіліп отыр және ресейлік инжиниринг қызметтер нарығының ахуалы туралы сенімді және объективті ақпаратты ұсынуды өз алдына мақсат етіп қойды.

Рейтингті дайындау аясында Порталдың Индустриалды зерттеулер орталығының мамандары 2013 жылдағы 350-ден астам инжинирингтік компаниялар қызметтерін зерттеп, инжинирингтің кеңес беру, құрылыс, ақпараттық технологиялар, қондырғылар жеткізу және т.б. түрлері бойынша ұйымдардың экономикалық көрсеткіштерін салыстырды.  Өткен жылғы рейтинг көшбасшысы «Арман» АТ-инжиниринг бағытындағы өз жетістіктерін растады. Қазір компания мамандарыақпараттық және инженерлік жүйелер саласында қызметтердің толық спектрін ұсынады, оның ішінде өнеркәсіптік байланыс және қауіпсіздік жүйелері, өнеркәсіптік жарықтандыру жүйелері, сондай-ақ өнеркәсіпке арналған климаттық жүйелер, автоматтандыру және электрмен жабдықтау жүйелері. «Кәсіпорынның өнеркәсіпті жетілдірудегі жетістіктері мен қаржылық жетістіктері дамудың дұрыс бағытын растайды», - дейді сарапшылар.

«Компанияның бұл аталымда жеңіске жетуі таңсық емес, - деп санайды рейтинг ұйымдастырушылары. - Себебі «Арман» шетелдік қондырғыны сатып, орнататын ресейлік компания ғана емес, ол өзіндік Инженерлік Орталыққа, білікті персоналға, өндірістік база мен өнеркәсіптің түрлі салалары мен түрлі жағдайларында жүздеген жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне ие».

«Ресейдегі жаңғырту және инжиниринг көшбасшылары – 2014» рейтингісінің жеңімпаздары – ресейлік өнеркәсіптің жаңғыруын қамтамасыз ететін саланың үздік кәсіпорындары, және «Арман» компаниясы өз саласында лайықты көшбасшы атанғанын мақтан етеді.

«Жаңғырту және инжиниринг – 2014» рейтингісінің ұйымдастырушысы «Управление производством» іскери порталы үздік басқарушылық тәжірибені насихаттайтын және өзекті зерттеулер келтіретін жетекші орыстілді ресурс болып табылады. Анықталған беталыстарды, сондай-ақ зерттелетін бағыттың сөзсіз маңыздылығын есепке ала отырып, рейтингті өткізу келесі жылы да жалғасын табады деп жоспарланып отыр.«Управление производством» порталының нұсқасы бойынша IТ-инжиниринг – өндірістер үшін IТ-шешімдер әзірлеу, іріктеу және жеткізу, енгізуді жүзеге асыру, персоналды үйрету және сервистік қызмет көрсету.

diplom_pu_2014

Негізгі материалға сілтеме:Arman

Добавить комментарий