«Жасыл» экономиканы қолдайтын коалиция
25.07.2014
0
2014 жылдың 23 шілдесі күні Серікбай Бисекеев «жасыл» экономиканы қолдайтын коалиция сарапшыларымен кездесті. Елді әлемдік деңгейде әртүрлі қызмет салаларында ілгерілету мәселелері қарастырылды, білім беру саласы мен жастармен жұмыс жасауға, сондай-ақ әлеуметтік инновацияларды дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Кездесуге Майра Сұлтанова, Салтанат Рақымбекова, Сергей Ивлев, Майя Жағыпарова, Динара Жақыпова, Назгүл Әбжекенова, Александр Брагин және басқалары қатысты.