Вадим Гладцын, «Арман»: Оңтайландыру қызметі қағаз бетіндегі есеп үшін жасалатын шара болмауы тиіс


29.12.2012
0

Вадим Гладцын, «Арман»: Оңтайландыру қызметі қағаз бетіндегі есеп үшін жасалатын шара болмауы тиіс

Вадим Гладцын,

Дамыту жобаларының басшысы

Қатып қалған шешімдер тоқырауға әкеп соғады. Рационалдық компанияны алға жетелейді. Оның «Арман»ЖШҚ-да қалай жүзеге асып жатқанын дамыту жобаларының басшысы Вадим Гладцын айтып береді.

– Сіздің компанияларыңыздың ашылғанына бар болғаны 12 жыл болды, алайда сіздер оңтайландыру қызметі – ішкі дамудың ең маңызды тетіктерінің бірі деген пікірге келдіңіздер. Алайда көптеген кәсіпорындар бұл тәсілді айналып өтеді. Қалай ойлайсыз, оңтайландырғыштық қызметпен айналысатын компанияның бәсекелік артықшылығы неде деп ойлайсыз? Бұл қаншалықты өзекті?

– Оңтайландырғыштық ұсынысты беру мен енгізу жүйесі кез келген кәсіпорынға, әсіресе, жылдам өзгеретін технологиялар мен қатаң бәсекелестік күрес жүретін салада аса тиімді дамуға мүмкіндік береді.  Бұл жерде екі аспектіні айқындауға болады: техникалық персонал ортасында креативті ізденімпаздықты ұдайы ынталандыру, сондай-ақ, жалпы қарқынды арттыру, тоқырауға барып, бір-ақ тірелетін қатып қалған ескі шешімдерден бас тарту.

– Сіздің пікіріңізше Кеңестік дәуірден бері келе жатқан қандай ескі ережелер бүгінде оңтайландырғыштың дамуына кедергі келтіреді? Әлде мүмкін керісінше, қазіргі кәсіпорындар тұтастай анағұрлым озық үлгі ретінде кеңестік өндірушілердің тәжірибесіне жүгінуі тиіс пе?

– Кеңестік жүйе өмір сүрген жекелеген кезеңдерде оңтайландырғыштық қызметтің айтарлықтай шарықтау сәттері болды. Сондай-ақ, ендіру кезеңіне дейін апаруға мүмкін болған оңтайландырғыштық ұсыныстардың арқасында өнеркәсіпте үлкен жүйіткулер болды. Ал енді бір мәселе біздің елімізде қызықты идеялар енгізілген шақта бюрократиямен, басшы мен қызметкерлер арасындағы сенімсіздікпен байланысты түйткілдер пайда болатын. Сондықтан, белгілі бір кезеңге шүйлікпей, тарихи мұра туралы сөз еткен жөн.

Орташа дұрыс шешімді табу үшін меніңше, бір жақтан КСРО-да болғандай, оңтайландырушыларға қолдау көрсетіп, екінші жақтан Батыстағыдай болашағы зор идеяны жүзеге асыруға дейін жеткізу керек.

– Зерттеулер көрсетіп отырғандай, ресейлік кәсіпорындардағы оңтайландыру қызметі шетелдік компаниялардағы түрлеріне мүлдем ұқсамайды. Бізде жиі ол технологиялық бөлікті қамтиды да, түйткілдің шешімін іздеуге бағытталған, бүгінде ол ескі қондырғының «қаққанда қанын, соққанда сөлін алуға» саяды. Ал шетелдік кәсіпорындарға «кайдзендік классика» стиліндегі оңтайландырушылық тән. Онда аталмыш ұсыныстар үздіксіз жетілдірулер мәдениетін дамыту мен барлық өндірістік үдерістер мен операцияларды жетілдіруге бағытталған. Ал ұдайы «автожаңару» режимін бірқалыпты ұстауға мүмкіндік беретін оңтайландырушылық қызметі ұғымына «Арман» қандай үлес қосуда?

– Расында да, сонау кеңес заманынан бастап, оңтайландырушылық ұсыныстардың негізгі бөлігі ең аз салым салу арқылы жақсы нәтиже шығаруға бағытталған болатын. Тұтастай алғанда, бұл аса жаман тәсіл емес, бірақ ресейлік өндірушілер батыстық бәсекелестерден сапа жағынан да, өзіндік құны жағынан да ұмтылуда. Жасырмаймын, біздің компанияда да өнімнің өзіндік құны аса өзекті мәселе, және барлық қызметкерлер оны жеңу үшін бар күштерін салады. Алайда өндірістік мәдениетпен байланысты, анағұрлым заманауи әзірлемелер, құрамдас бөліктер, жобалау әдістерін қолдануға байланысты технологиялық аспектілер бәрінен де маңызды болып табылады... Компания ұдайы қызметкерлерді техникалық дамудың шыңына шығуға мүмкіндік беретін шешімдерді табуға ынталандырады.

– Қандай жағдайларда кәсіпорындағы оңтайландырушылық қызмет өзін ақтап, шын мәнісіндегі дамудың тетігіне айналады?

– Бұл сұрақтың жауабы қарапайым: оңтайландырушылық ұсыныстар жүйесі «өткізілген іс-шаралар жоспарында» тек есеп үшін ғана емес, корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөліктерінің біріне айналуы тиіс. Қатардағы қызметкерлер (әсіресе) мен басшылық қазіргі таңда «автожаңарудың» - кәсіпорынның бизнес әлеміндегі өміршеңдігін анықтайтын мәселе екенін түсініп, әрбір жекелеген қызметкер ортақ жеңіске ықпал ете алуы өте маңызды. Оңтайландырушылыққа қатысты тірек сөздер «барлығы бірігіп, ортақ іске атсалысады».

– Сіздің компанияңызға оңтайландырушылық ұсыныстарды беру жүйесін құру идеясы келгенде, сізді бұл тетікке жүгінуге не итермеледі?

– «Арман» компаниясында мұндай жүйе жоғарыдан келген бұйрық ретінде емес, алға қойылған тапсырмаларға жауап ретінде пайда болды десем болады. Егер кәсіпорында жоғары санатты кәсіпқойлар жұмыс істесе, әрине, олардың әрқайсысы өз саласындағы жетілу мүмкіндіктерін көре алады. Компания басшылығы жаңа идеяларды жақсы қабылдайтын болғандықтан, біртіндеп, брқалыпты жүйе қалыптаса бастады. Дегенмен, біз қазіргі таңда өндірістік тетіктерді ары қарай жетілдірудің жолдарын іздестірудеміз. Ешқашан тоқмейілсіп, тоқтамау керек. Осы мәселеге қатысты маған ЛьюисКэрроллдың мына бір сөзі ұнайды: «Дәл сол орында тұрақтау үшін жаныңды салып жүгіруге тура келеді. Егер басқа орыннан шыққың келмесе, кем дегенде екі есе жүгіруің керек!..».

– Оңтайландыру жүйесінің жұмысын қалай елестеттіңіз? Сізге кімнің тәжірибесі көмектесті?

– Мен осыған дейін жазғандай, жүйенің жалпы көрінісі біртіндеп қалыптасты, оны енгізу мен дамыту шамасына қарай қалыптасты. Біз үйрендік, өз қатемізден түзеліп, өз жетістіктерімізден үлгі алдық. Бізге қолжетімді тәжірибені барынша қолдануға тырыстық: ол табысты серіктестердің енгізген тәжірибелері де болды. Салалық басылымдардағы жарияланымдар мен тәжірибелі серіктестердің кеңестері де болды.

– Жүйені құру бойынша идеяны жүзеге асыру сізге қаншалықты қиын болды?

– Әдетте кез келген жаңалық өз жолында түрлі кедергілерге тап болады. Алайда оңтайландыру жүйесін енгізуде бәрі басқаша болды: барлығы олардың қажеттілігін түсінді, компанияны дамыту ісіне қызметкерлерді тарту қажеттілігі ешкімнің тарапынан сұрақ туғызбады. Себебі жетекші мамандар біліктіліктерінің жоғары деңгейін ескерсек, бұл – қалыпты жағдай. Дәл солар (бағыт басшылары, тәжірибелі инженерлер мен менеджерлер) құжат жүзінде әлі рәсімделмеген жаңа қызметтің іргетасын қалады.

Уақыт өте келе, тәжірибе жинақтау шамамызға қарай, оңтайландырушылық бойынша қызмет басқарушы құжаттармен рәсімделіп, кәсіпорын сапасы менеджменті жүйесінің құрамына кірді.

Бұл қызметтің қалыптасуы кезеңіндегі шешуді қажет еткен сұрақтардың арасынан келесілерді атап өтуге болады. «Төменнен»  келген бастамаға қалай қолдау беріп, алайда техникалық анархия немесе қиялишылыққа жол бермеуге болады?  Ұсыныстың қисындылығын қалай бағалау керек? Кім өзінің шешуші «ИӘ» немесе «ЖОҒЫН» айтуға құқылы? Енгізу үшін қажет бюджетті қалай сауатты бағалап, жаңа ендіруден, әсіресе, бизнес-үдерістерді жақсарту бойынша ұсыныстардан келетін әсерді қалай бағалау керек?

Ешкім бұл сұрақтарға жекелей жауап бере алмағандықтан, барлығы еркін пікір алмасып, иерархияға қарамастан (бұл түбегейлі ұстаным болды), барлығы үшін оңтайлы шешім табылатын алқалық орган құрылды. Әрине, бірқатар жағдайларда басшылықтың қатал, жігерлі ұстанымы да қажет болмады емес.

– Қызметкерлер жүйенің құрылуына қалай қарады?

– Біздің кәсіпорында жүйе бастапқыдан «төменнен» басталғандықтан, қызметкерлердің қызығушылығы оның ары қарайғы қалыптасуына түрткі болды. Олар үшін тіпті жақсы идеялары үшін сыйақы алу емес, өнім сапасын арттырған, еңбекті жеңілдетіп, басқа айтарлықтай пайда әкелген идеясының жүзеге асқанын көру маңызды болды.

– Қай деңгейдің қызметкерлері көбірек қызығушылық танытты?

– Жүйеге көбірек қызығушылықты «техникалық элитаға» жатқызуға болатын қызметкерлер танытты. Олар – жас болғандарына қарамастан, өз саласында жоғары кәсіпқойлыққа ие болған инженерлер мен орташа буын басшылары.

– Бүгінде кәсіпорындарыңыздағы оңтайландырушылық жүйе қандай кейіпке ие? Ол қаншалықты жетілген? Осал тұстары бар ма?

– Мен осыған дейін айтқандай, ешбір жүйе өз дамуында қатып қалмауы тиіс. Біз кәсіпорынның барлық үдерістері мен шараларын ұдайы жетілдіріп отырамыз. Әрине, әлсіз де тұстар бар, алайда олар да оңтайландыру ұсыныстарын қолдануда қолданылады. Себебі, қызметкерлердің бастамаларын ынталандыруға негізделген тәсіл әмбебап.

Қазіргі таңда бізде салалық техникалық коллоквиумдар институты құрылған, корпоративтік портал ретінде ұсыныстарды жинау автоматталған, Техникалық дамыту комитеті жиі жиналады, оның шешімдері директоратпен бекітіліп, осылайша, заңды күшке ие болады.

– Сіздіңше, қызметкерлердің оңтайландыруға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай шара қабылдау керек?

– Қызметкер үшін жалғыз ынталандыру жолы – ол табысын арттыру деген жаңсақ пікір. Әрине, бұл да үлкен маңызға ие, оңтайландырушыларды материалдық тұрғыдан ынталандыру міндетті түрде болуы тиіс. Дегенмен, өз идеяңның енгізілгенін көріп, әріптестер мен басшылардан алғыс естіп, тіпті салалық басылым туралы жарияланымды оқу да аса маңызды.

Сондықтан мен ұдайы оңтайландыру қызметі қағаз бетіндегі есеп үшін болмауы керек деп сан қайталап айтамын. Бір жағынан «міндет», екінші жағынан «зая кеткен еңбек» деген түсінік Ресейдегі мыңдаған тамаша идеялардың тамырына балта шапты...

– Кәсіпорындағы болып жатқан үдерістерді айтарлықтай жақсартуға қабілетті лайықты оңтайландырушы ұсыныс беру үшін қызметкерлер жеткілікті деңгейде білікті болулары тиіс. Тұтас үдерісті бағалау машықтарын қалыптастыратын сәйкес оқытуды өткізіп, оны жақсарту мақсатында әлеуетін анықтау үшін сәйкес оқытулар өткізесіз бе?

– «Арман» компаниясының маңызды артықшылықтарының бірі «өздігінен үйренуші ұйым» идеологиясы болып табылады. Кәсіпорынның қызметкерлері мен топ-менеджмент салалық және аралық бағыттар бойынша курстар мен тренингтерде ұдайы өз біліктіліктерін арттырады. Сондай-ақ, мұндай ашықтық, позитивті талпыныс, артық қағазбастылықтың болмауы қызметкерлерге жұмыста да, жиналыстар мен семинарлардағы іскери ортада да өз әлеуеттерін толықтай ашуға көмектеседі.

– Ұсыныстар қаншалықты көп және оңтайландыру қызметі жұмыс істеген жылдарда қанша жоспар іске асырылды?

– Өткен жылдарда ондаған салмақты ұсыныстар қарастырылып, ендірілді және өнімді, сондай-ақ өндірістік мәдениетті жақсартумен байланысты идеялар саны да көп. Олардың әрқайсысы қаржылық жағынан тікелей көрініс таппаса да, белгілі бір ықпал етті. Мысалы, қызметкерлердің ортақ іске жұмылуын арттыруды немесе олардың позитивті талпынысын ақшалай баламада бірден бағалауға болмайды, алайда уақыт өте келе одан пайда болатын экономикалық әсер барлық техникалық жаңа ендірмелерді басып озуы мүмкін.

– Дәл қазір талқылау немесе ендіру үстінде тұрған ұсыныстар бар ма? Олар неге байланысты?

– Қазіргі таңда компанияның өнімдер тізімін ары қарай дамыту, жаңа құрамдастарды қолдану, сондай-ақ өнімдерді авторлық және техникалық қадағалау бойынша жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар өзекті болып табылады. Бірқатар ұсыныстар кәсіпорынның жекелеген бизнес-үдерістерін жетілдіру мен автоматтандырумен байланысты.

– Сіздің компанияңыздың оңтайландыру қызметін ары қалай қандай жетілдірулер күтіп тұр?

– Алдағы уақытта біз оңтайландыруды біздің тұрақты дамуымыз бен нарықтағы орнымызды нығайтуға кепіл болатын «өмір салтымыздың» ажырамас бөлігі етуді жоспарлап отырмыз.

http://arman-engineering.ru

Добавить комментарий