Басқасы
Эссе байқауы
«МЕН ӨМІРІМДІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІМ»
- Біз байқауды не үшін өткіземіз?
Жыл соңы – қорытынды жасайтын уақыт. Біз Сіздерге қаңтар айында алдарыңызға қандай мақсаттар қойғандарыңызды, осы жылды қандай жоспарлармен бастағандарыңызды, не нәрсе қолдарыңыздан келіп, әлі нені жасау керектігін талдауға көмектескіміз келеді. Өз мақсаттарыңыз бен армандарыңызды жүзеге асыру үшін салған өз күштеріңізге объективті баға беріңіздер!
- Қатысу үшін не істеу керек?
1. 2014 жылдағы жетістіктеріңіз жайлы эссе жазыңыздар. Не жазсаңыздар да: кәсіби және жеке жеңістер жайлы, өз мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңіз, арман-тілектеріңіздің орындалғаны туралы жазасыз ба, өз еркіңізде. Бәлкім сіз өзіңіздің асқақ арманыңызды орындаған шығарсыз. Бәлкім әлдекімнің арманын жүзеге асырдыңыз ба. 2014 жылды қандай нәтижемен аяқтаудасыз? 2. Эссені сайтқа жүктеңіз.
- Эссеге қойылатын талаптар:
1. Эссе 3 сұраққа жауап беруі тиіс:
- Мен өз өмірімді неліктен және қалай өзгертпекке бел будым?
- Осы жолда мен қандай қиындықтарға тап болдым?
- Мен қандай қорытынды жасадым?
2. Эссе көлемі 1 беттен аспайтын Word форматында қабылданады. 3. Бір қатысушы бір жұмыс тапсырады. 4. Ілеспе хатта жасыңызды, жынысыңызды, қызметіңіздің түрін, байланыс телефоныңызды қалдырыңыз. 5. Назар аударыңыздар! Сізбен байланыса алуымыз үшін өзіңіздің аты-жөніңіз бен байланыс мәліметтеріңізді міндетті түрде қалдырыңыз.
- Байқауды қорытындылау мерзімдері.
Жұмыстар 2014 жылдың 10 және 20 желтоқсаны аралығында қабылданады.
- Қорытындылау және жеңімпазды анықтау.
2014 жылдың 25 желтоқсаны Серікбай Бисекеев Жеңімпазды анықтайды! Басжүлде — Серікбай Бисекеевтің бизнес-кеңесі. «Жоспарлаңыздар! Іске көшіңіздер! Жетіле түсіңіздер!» (с) Серікбай Бисекеев