2013 жылдың 13 мамыр


08.05.2013
0

2013 жылдың 13 мамыр

Ақтөбе қ.Уақыты – 11:00.Өтетін орны – Жастар сарайы.

Санкт-Петербордан келген танымал бизнесмен, біздің отандасымыз, «Арман» инжинирингтік компаниясының басшысы Арман Бисекеев Қазақстанның студент жастарымен кездесуді жалғастыруда. Дәріс Қазақстан жас кәсіпкерлер қауымдастығының «Бизнеске жол көрсет» әлеуметтік жобасының аясында өтеді. Мұндай кездесулер осыған дейін Астана, Шымкент, Алматы және Қостанай қалаларында өткен болатын. Қазақстандықтың кәсіпорны «Форбс» тізіміне кіретін компанияларға қызмет көрсетеді. Бүгінде Серікбай Бисекеев өз тәжірибесі мен машықтарын отандастарына беру үшін Қазақстанда жұмыс істеуде.

Анықтама үшін: Әлемдегі ең танымал тәуелсіз халықаралық «Жыл кәсіпкері» сыйлығын Серік Бисекеев әлемнің ең ірі консалтингтік компаниясы – Ernst&Young сарапшыларының қолынан алды. Айта кететін жайт, бұл сыйлықты кәсіпкерлердің «Оскары» деп те атайды. Ол – шетелден осыншалықты мәртебелі марапатқа ие болған бірінші қазақ. Бүгінде Серікбай Бисекеев – жүйелік интеграция саласындағы техника өндірісімен айналысатын «Арман» атты компанияның негізін қалаушы әрі иесі. Бастапқыда ол тек ұқсас қондырғыны Германиядан жеткізумен ғана айналысқан болатын.

Добавить комментарий