Серікбай Бисекеевтің авторлық вебинары – «ҚР-дағы кәсіпкерлік: мифтер мен ақиқат»


12.12.2014
0

Серікбай Бисекеевтің авторлық вебинары – «ҚР-дағы кәсіпкерлік: мифтер мен ақиқат»

2014 жылдың 29 желтоқсанында «Арман» холдингінің президенті және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының тәуелсіз директоры Серікбай Бисекеевпен ашық кездесу өтеді.Табысты кәсіпкер ҚР аумағындағы стартаптардың шынайы мүмкіндіктері, табысты команда құру туралы айтып береді, өзінің көзқарасымен, тәжірибесімен және мотивациясымен бөлісіп, Сізді қызықтырған сұрақтарға жауап береді.Іс-шара Қазақстанның 16 аймағында «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтеді.Өтетін уақыты: Астана уақыты бойынша 16:00 – 19:00.Өз қалаңыздағы КҚКО мекенжайларын http://www.damu.kz/61 сілтемесіне өту арқылы біле аласыздар.Қатысу тегін, орындар саны шектеулі.

Алдын ала міндетті түрде тіркелу қажет.Спикерге сұрақтарды, аты-жөніңіз бен компанияңыздың байланыс мәліметтері мен атауы көрсетілген өтінімдерді almas.zhumagulov@fund.kz электронды поштасының мекенжайына жолдауларыңызды өтінеміз.Анықтама үшін «Даму» қоры баспасөз қызметінің ішкі нөмірі 1008-ге хабарласа аласыздар.Тел.: +7 (727) 244 55 66

Добавить комментарий