Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі


24.06.2015
0

Серікбай Бисекеевтің болашақтықтармен кездесуі

2015 жылдың 27 маусымында Астанада «Болашақ» қауымдастығы болашақтықтарға арнап, Ernst & Young тұжырымы бойынша Ресейдің үздік кәсіпкері, «Арман» холдингінің президенті әрі негізін қалаушысы, «Даму» қорының тәуелсіз директоры, Қазақстанның танымал бизнесмені Серікбай Бисекеевпен кездесу ұйымдастырады.

Кездесуде Серікбай Бисекеев өзінің бизнес жүргізу тәжірибесі, өмірлік жолындағы нақты бизнес-кейстердің шешімі, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдау туралы айтып береді.

Мұнан басқа, «Болашақ» қауымдастығының мансап орталығының үйлестірушілері «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарының жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында түйіндемелер қабылдайды.

Кездесу күні және орны: 27 маусым, сенбі, Р2 қабатындағы мәжіліс залы («Керуен» СОСО-ға қарама-қарсы «Нұр Отан» ОА ғимараты).

Басталуы сағат 14.00-де.

Тіркелу міндетті.

Оны 8 (7172) 707 669  телефоны арқылы өтуге болады немесе онлайн тіркелуді МЫНА ЖЕРДЕН өтіңіз

Орын саны шектеулі.

Добавить комментарий