БАҚ

БИЗНЕС ЖАСТАРДІКІ


04.04.2013
0

БИЗНЕС ЖАСТАРДІКІ

Алматылық студенттерді өз ісін жүргізудің қыр-сырына үйретеді.DRM_5776

Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде отандық бизнесмен Серікбай Бисекеевтің ашық дәрісі өтті. Диалогты «Бизнеске жол көрсет» жобасының аясында Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы  ұйымдастырды.

Екі сағатқа созылған дәріс аясында жас кәсіпкер өз ісін ашуы туралы, өзі еңсеру арқылы табысқа тағы бір саты жақындаған қиындықтар мен кедергілер туралы айтып берді.  Бизнесмен Серікбай Бисекеев тоқсаныншы жылдарда Ресей аумағына GSM стандартты ұялы телефондарды сатуды алғаш қолға алған адам және Ресейдің ірі газ және мұнай компанияларының табысты серіктесі ретінде белгілі.

– Мен әрқайсыңызға өз жолдарыңызды табуды, нарықтың алыптарына жүгірмей, армандарыңызға еріп, өз идеяларыңызды жүзеге асыруды тілеймін, - деді тыңдармандарға кәсіпкер.

Қонақ сондай-ақ, бизнестің жас ынталы жандардың арқасында құрылатынын атап өтті. Себебі шағын және орта бизнес өкілдері мемлекетке аса қажет және өз жобаларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктерге ие. Бизнесте біршама тәжірибесі бар кәсіпкер студенттерге бірқатар кеңестер берді.

Юлия РОМАНОВА

Дереккөз:  Алматы ақшамы

Добавить комментарий