БАҚ

Өз арманын жүзеге асырған жан


10.04.2013
0

Өз арманын жүзеге асырған жан

Санкт-Петерборлық бизнесмен,  кәсіпорны «Форбс» тізіміне енген компанияларға қызмет көрсететін отандасымыз Серік Бисекеев Ресейдегі «Жыл кәсіпкері» номинациясын иеленді. Бүгінде ол өз тәжірибесі мен машықтарын Отанымен бөлісу үшін Қазақстанда жұмыс істейді.

Бірініш бол!

Әлемдегі ең танымал тәуелсіз халықаралық «Жыл кәсіпкері» сыйлығын Серік Бисекеев әлемнің ең ірі консалтингтік компаниясы – Ernst&Young сарапшыларының қолынан алды. Айта кететін жайт,  бұл сыйлықты кәсіпкерлердің «Оскары» деп те атайды. Ол шетелден осыншалықты мәртебелі марапатқа ие болған бірінші қазақ. Бүгінде Серікбай Бисекеев – жүйелік интеграция саласындағы техника өндірісімен айналысатын «Арман» атты компанияның негізін қалаушы әрі иесі. Бастапқыда ол тек ұқсас қондырғыны Германиядан жеткізумен ғана айналысқан болатын.

Біздің кейіпкеріміздің табысқа жету оқиғасы «Арманға» дейінгі кезеңнен бастау алады. Серікбай Бисекеевтің бала кезінен, спортпен айналысып бастаған кезінен ұстанатын ұраны – «Бірінші бол!». Қостанайда мектепті жақсы аяқтап, бірқатар спорттық жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін қарапайым қызметкерлердің ұлына республиканың кез келген институтына емтихансыз түсуді ұсынады. Алайда ол ағыспен жүзетін адам емес еді. Сол кезде аты жер жарып тұрған, бүкіл Одаққа белгілі Калинин ат. Ленинград политехникалық институтына түсу үшін қазіргі Петерборға тартады. Машина құрастыру саласындағы инженер-құрастырушы болуды армандайды. «Кеңестік мерседес жасап шығарғым келетін», - деп еске ала күледі ол. Алайда уақыт жоспарларға түзету енгізді.

Өмір үшін күрес

Іскерилігі мен ұмтылғыш қасиеті оны бос отырғызып қоймай, қабілет-қарымдарды пайдалану үшін қиын кезеңде жаңа іс көзін іздеуге итермеледі. 90-шы жылдар қиын кезеңдер еді, дүкендерде азық-түлік болмады, талондар, ТМД-дағы қылмыстық жағдай ушығып тұрған кез, сырттан келгендерді құшақ жая қарсы алмайды, көмек берер ешкім жоқ, өмір үшін күресуге тура келеді. Студенттік жылдарда ата-анаға масыл болмау үшін, оқумен қатар коммерциямен айналысады, құрылыс жасағында жұмыс істейді, спорттың әртүрлі саласын игеріп, екінші курста жаңадан игерген спорт түрі бокстан чемпион атанады. Бірінші бол!Институттан кейін достарымен брокерлік компания құрады. Кейін серіктесімен бірге байланыс операторларына ұялы телефондар жеткізеді, ТМД-да GSM стандартты ұялы байланысының қалыптасуына атсалысады. Кейін ұялы телефондарды сатумен айналысатын дүкендер желісін құрады.

– Несие алып, дамуы бойынша бізден оқ бойы озған басқа бәсекелестермен салыстырғанда, әрдайым өз ақшамызға жұмыс істедік. Алайда 1998 жылғы дағдарыс оларға ауыр тиді. Біз дамуымызды жалғастырдық. Сонымен қатар мен бизнес саласында білімнің жеткіліксіз екенін сезіне бастадым да, оқуды жалғастырдым, - дейді Серікбай Бисекеев.1999 жылы бизнесмен Стокгольм бизнес-мектебіндегі кәсіпкерлер курсына түседі де, оны табысты аяқтайды. Сөйтіп, өзіндік өндірісті бастау керек екенін түсінді. Сол кезде бірқатар себептерге байланысты бизнестегі серіктесімен екіге бөлінуге тура келеді, сөйтіп, ол жаңа күшпен жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға кіріседі. «Бірінші бол!» деген ұстаным әрдайым жадында еді.

– Стокгольм бизнес-мектебін аяқтағаннан кейін өзіндік жобамды құруды мақсат еттім. Ол кезде менде басты ресурс – компанияны халықаралық тәжірибеге сәйкес қалай құру керектігі жайлы білім болды. «Сатып алып-сат» қағидасы бойынша жүргізілетін бизнестің аса жаңашыл емесекенін түсіндім. Ал мен инновациялық технологиялар құруды армандайтынмын. Ұялы байланыстан басқа, біз шағын АТС, жаппай нарыққа арналған техника сатумен айналыстық, алайда өнеркәсіптік шешімдермен ешқашан айналысқан емеспіз. Бұл іс бос болатын. Сөйтіп, мен осы істі қолға алдым. Осылайша, «Арман» компаниясы құрылған болатын.

Жаңа деңгей

Жоғарыда айтылғандай, алғашқы жылдарда компания өнеркәсіптік кәсіпорындарға импорттық диспетчерлік байланыс қондырғысын сатумен айналысты. Мұнай және газ компанияларында кәсіпорындарды жетілдіруге арналған үлкен инвестициялар болды, ал Серікбай Бисекеев нарықтың ерекшеліктерін сезініп, онымен айналысуды жөн көрді. Уақыт бұл бағдардың дұрыстығын дәлелдеді.Өнеркәсіптік байланыстың халықаралық брендтерін дистрибуциялаған бес жыл ішінде «Арман» компаниясы елдегі ең ірі кәсіпорындардың жеткізушісіне айналды. Алайда жаңа заман келді. Сол кезде Серікбай Бисекеев ойға сыймайтындай көрінген идеясын қолға алды. «Армтел» маркалы ресейлік сандық диспетчерлік байланысты өндіру туралы шешім қабылдады. Құюға арналған корпустарды әзірлеу бойынша үздік мердігерлер, ең үздік бағдарламалаушылар, плата өндірушілері жиналды.

– Біз басқа бәсекелестеріміз сияқты бүкіл штатты өндірістің барлық циклінде ұстаған жоқпыз. Осылайша, өндірушілермен маневр өрісін кеңейттік, - деп әңгімелейді Серікбай Бисекеев. – Біз өнім сапасына басты назарды аудардық, ол үшін көп оқыдық, процестерді жаздық, регламенттер жаздық. Бұл клиенттеріміздің алдындағы беделімізді арттыра түсіп, біздің компаниямыздың клиенттері көбейе берді.

Жұмыс істеген жылдары отандасымыздың компаниясы өнеркәсіпке арналған немістің байланыс қондырғысын жеткізуден технология мен жүйелік интеграцияның өндірушісі мен әлемдік көшбасшысына дейін өсті. Қазіргі таңда «Арман» компаниясында пайдалануға толықтай дайын жобаларды әзірлеумен айналысатын 230 адам жұмыс істейді. Компания заманауи стандарттарға сай жұмыс істейтін әрі бүкіл әлем бойынша сұранысқа ие өзіндік өнімдері мен шешімдерін шығарды. Алайда Серікбай Бисекеев мұнымен де тоқтап қалмақ емес.Жақында  жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Үкіметтің алдына қазақстандық инновацияларды халықаралық деңгейге шығара алатын азаматтарды іздеуді тапсырма етіп қойды. Сондай-ақ, Қазақстанның мақсаты – инноваторларды жинап, жаңа технологияларды енгізіп, өндірісті дамыту керектігін атап өтті. Ал өз кезегінде Үкімет отандық өндірушілерге қолдау білдіреді.

– Қазақстанның EXPO 2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алғанын естігенде, Қазақстанның кезекті халықаралық жеңісі үшін бір қуансам, көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» екенін білгенде, төбем көккежетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев болашақ – жаңартылатын қуат көзінде екенін айтады, болашақ ұрпақ үшін мұның пайдалы екенін жеткізді. Бұл – үлкен құрмет танытарлық іс. Қазақстан балама отын үшін әлемдегі ең қолайлы жағдайларға ие, бұл туралы көптеген елдер армандайды. Сондықтан, біз бұл бағдарламаға қуана қатысып, Қазақстандағы желпаркін құруды жоспарлап отырмыз, - дейді отандасымыз.Бүгінде С. Бисекеевтің компаниясы технологиялар трансферті мен елімізде өндіріс көздерін ашуға атсалысуда: Алматы түбінде ұдайы қызметкөрсетуді қажет етпейтін жаңа генераторлары бар қуат көздерінің өндірісі іске қосылды.– Біз «иелік құны» деген ұғымға өтуді ұсынамыз. Бұл мемлекетке ұзақмерзімге қымбат сервистік қызмет көрсетуден бас тартуға мүмкіндік береді, - дейді С. Бисекеев.Бизнесменнің айтуынша, Қазақстанда қазақстандық құрамды қамтамасыз ету бойынша бағдарламалардың болғанына қарамастан, осы процесті дамытуда үлкен кедергілер бар көрінеді.– Егер сіз Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысының мақаласын оқысаңыз, белгіленген қазақстандық құрамның ондаған пайызының орнына тексеруден кейін бар болғаны 2% болып шыққанына көз жеткізесіз. Кез келген шикізат өндіретін дамыған елде Үкімет халықтың жұмыспен қамтылуын және өндірістің құрылуынабасымдылық береді. Алайда бізде көптеген компаниялар арзан өнімді сатып алып, сервистік келісімшарттар арқылы ақша табуды көздейді, Мысалы, ҚР Үкіметі 50% көлеміндегі қаражат жұмсаған Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының жобасында бізге бас мердігерлер «отандық мердігерлерді тартуға бізде басымдылық берілмеген» деп тіке айтады.Алайда, дегенмен кәсіпкер Қазақстанды дамудың дұрыс жолын таңдады деп санайды.

– Республика сауатты кеңесшілерді шақырады, олар дұрыс трендтерді таңдауға көмектеседі, алайда заң жағы сәл ақсап тұр.Бизнесменнің айтуынша, Қазақстан Президенті білікті жұмыс орындарын құра отырып, қазақстандық құрамды арттыру бойынша үлкен қадамдар жасауда, мысалы Ресей үкіметі мұны қолға алмаған көрінеді.

– Бұл маған аса ұнайды, тек орындалуды бақылауды ретке келтіру керек, - деді кәсіпкер.Серікбай Бисекеев Қазақстанда дамуға көптеген мүмкіндіктер бар екеніне сенімді. Алайда барлығы әрбір адамның өзіне байланысты екенін есте сақтаған жөн.

– Сіздің орныңызға ешкім сіздің болашағыңызды жасап бермейді. Оқу керек, жетілу керек, өз ісіңнің кәсіпқойы болуға талпыну керек, - деп санайды кәсіпкер.Серікбай Бисекеев Қазақстанға іссапармен жиі келеді, және осында өткізген әрбір сәтін текке өткізбей, пайдаланғысы келеді.Өзін спикер ретінде шақырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының жастар форумында сөз сөйлегеннен кейін оған қатысушы-елдерден «Жетістік жолы» тақырыбында дәріс оқу туралы ұсыныстар кеп түскен. Бизнесмен осы мақсатта өз тәжірибесімен алдымен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан отандастарымен бөліскісі келген, өзі кезінде сенгендей әрбірінің өз арманына сенуіне көмектескісі келді. Алдымен кәсіпкердің дәрісін Назарбаев Университетінің студенттері тыңдады.«Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келу жоспарыңызда бар ма» деген сұрақ қойылғанда, бизнесмен бұл туралы достарының жиі сұрайтынын айтты. «Өз еліңе пайдаң тисін» деп жатады.

– Бүгінде мен білікті жұмыс орындарын құрып жатырмын. Бұл барлық бизнесмендер үшін басты мақсат. Студенттер мен кәсіпкерлерге бизнес тарихы бойынша бірқатар дәрістер оқуды, олардың сұрақтарына жауап беріп, кеңес беру арқылы көмегімді тигізуді жоспарлап қойдым. Мен қай жерді мекен етсем де, Қазақстанның дамуына өз үлесімді қоса беремін. Мен патриот деп өз Отанын мекен етіп, алайда іссіз жүрген адамдарды емес, оған үздік технологияларды, білімі мен тәжірибесін енгізу арқылы еліне бәсекеге қабілетті болуға көмегін тигізетін жандарды атаймын.Бұл адамның табысқа жетуінің құпиясы неде? Оның бір мақсатқа жетісімен, келесісін жүзеге асыруға кірісетіні белгілі. Ол бастаған ісін жетілдірмейінше тынып таппайтыны анық.

Лаура ТҮСІПБЕКОВА

Дереккөз мұнда

Добавить комментарий