БАҚ

«Дамудың» тәуелсіз директоры қарыз алушылар ұсынатын ақпарат барлық банктер үшін біріздендірілуі тиіс деп санайды


16.02.2015
0

«Дамудың» тәуелсіз директоры қарыз алушылар ұсынатын ақпарат барлық банктер үшін біріздендірілуі тиіс деп санайды

Желтоқсанның соңында «Даму» қорында шілденің соңынан бері қордың директорлар кеңесіне кіретін, тағайындаулар мен сыйақылар бойынша комитетті басқаратын және аудит пен стратегиялық даму және бюджеттеу комитеттеріне қатысатын, тәуелсіз директор Серікбай Бисекеевтің вебинары болып өтті. Бисекеев мырза энергетика және телекоммуникациялар саласындағы интеграциялық шешімдерді өндіруші және жеткізуші, сингапурлық нарықта бәсекеге қабілетті өзіндік компания құра білген табысты бизнесмен болып табылады.

Спикердің пікірі бойынша, қор жүзеге асыратын бағдарламаларға енгізілуі тиіс маңызды өзгерістердің бірі бизнестердің банктерге өтінішті қарау барысында ұсынатын мәліметтерді біріздендіру болуы тиіс. Қазір осы үдеріс барысындағы сұралатын мәліметтер, түрлі банктердегі шаралар да шашыраңқы, бұл бизнес үшін қызығушылықты төмендетеді. Несие алуға арналған бір өтінім мен құжаттар пакетін бірнеше банкке ұсынатын үдеріс әлдеқайда тиімді көрінеді. Спикер банктер бағдарламалар аясында өздерінің андеррайтингіне сәйкес келетін қарыз алушыны өзіне тартуға тырысатын жағдайды дұрыс деп санайды.

Ең үздік шешім әрине өтінімді қандай да бір арнайы ресурсқа орналастыру болар еді. Банктер оған кіріп, ары қарай өзара бәсекелесетін еді. Вебинар барысында айтылған бағалаулар бойынша, қордың банк саласының ірі кредиьоры екенін ескерсек, «Даму» тарапынан мұндай біріздендіру дұрыс. Өтінімді қарау мерзімін қысқартуға қатысты банктер арасындағы басым көзқарас, тәуелсіз директордың пікірінше, банктер көп ақпаратқа ие болса, шешімді қысқа мерзімде қабылдау мүмкін болар еді. БИСЕКЕЕВ мырзаның пікірінше, несие тарихымен ғана емес, сондай-ақ мысалы әлеуетті қарыз алушының үлгерімдігі мен заңға бағынуымен байланысты белгілі бір жүріс-тұрыс скоррингінің элементтері де сұраныс туғызар еді.  Әзірге бұл ақпарат көлемі «Бірінші несие бюросы» арқылы алына алмайды және бұдан шығар жол басқа мемлекеттік құрылымдармен біріктірілген мәліметтер базасын құру ғана (Қарыз алушы ұсынатын ақпаратты біріздендіру ниетімен байланысты кереғарлық солай көрінуі мүмкін, себебі жүріс-тұрыс скоррингі үшін бастапқы мәліметтер жинаумен байланыстының барлығы қарыз алушы үшін ауыртпалық жүктемейді).

Вебинар барысында қор басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова айтып өткендей, директорлар кеңесінің соңғы отырысы барысында Бисекеев мырзаның бастамасы бойынша талқыланатын мәселелердің бірі жобаларды өңірлік үйлестіру кеңестерінде бекіту қажеттілігі болды. Ондай отырыстарда тек салаларды ғана емес, сондай-ақ нақты жобаларды мақұлдау аса дұрыс емес, себебі функционерлерге белгілі бір бизнес-үлгіні бағалау әрдайым оңай емес. Осы мәселе бойынша бірлескен ұсыныстарды Бисекеев мырзамен бірге «Атамекен» ҰКП жұмысына қатысатын «Даму» қорының басқа тәуелсіз директоры Ораз Жандосов жасады. Осы тақырып талқыланғаннан кейін болса керек. Бисекеев мырза Панораманың бағдарламаны жүзеге асыру барысында қандай да бір жемқорлыққа жол беріле ме деген сұрағын теріске шығарды. Оның айтуынша, барлығы оны жоқ деп сендіреді, әрине шешімді оның үстіне ақшаның қайтарылуына жауапты банктер қабылдайды. Ол ұсынған тағы бір идея – ШОБ экспорттық жобаларын көптеп қолдау мүмкіндігі. Көптеген елдердің, оның ішінде ішкі нарығы шектеулі Сингапур сияқты елдің сәйкес тәжірибесі бар. Оның жүйесі түсінікті, мысалы Түркияда мысалы теріден бұйымдар өндіретін және өткізетін кез келген шағын компанияларға шетелдік нарықтардағы сауда орталықтарынан белгілі бір сауда орындарының жалдау ақылары төленіп беріледі. Қазақстанға осы жайлы, және барлық әлемдік қаржылық орталықтармен тікелей авиақатынасты орнату және бизнес үшін визалық режимді жеңілдету туралы ойлану керек секілді. Ісін жаңадан бастаған қазақстандық кәсіпкерлерге жаппай айналысатын табысты жоба ретінде нені ұсынуға болады деген сұраққа спикер қандай да бір технологиялық старт-аптар жаппай сипатқа ие бола алмайды деп жауап берді. Бәлкім, агросалаға, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге мән беру керек шығар. Бұл ретте ол өзі бизнесін бастаған 90-шы жылдар мен қазіргі таңның айырмашылығы бар екенін айтты. Ол кезде ғаламтор болған жоқ және ақпарат табу өте қиын болатын, дегенмен бизнеспен байланысты кітаптар жақсы оқылды. Кәсіпкерлер жобаларға өз қаражаттарын салатын. Ал қазір ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің ұраны «арзан несие болса – бизнес бастамалар да болады» дегенге саятын секілді.

Дереккөз: Панорама

Добавить комментарий