БАҚ

Қазақстан іс жүзінде «Еуропаға ашылған терезе» бола алады. Алайда оған қол жеткізу үшін біз инвестициялауға қолайлы жағдай жасауымыз керек.


14.05.2015
0

Қазақстан іс жүзінде «Еуропаға ашылған терезе» бола алады. Алайда оған қол жеткізу үшін біз инвестициялауға қолайлы жағдай жасауымыз керек.

Егер елдің азаматтары білімді әрі кәсіпқой болса, елді әлемнің басқа елдерінің кәсіпқойлары сыйлайтын болады, олар бір тілде сөйлеседі. Мен кедейлікпен тек кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі, сапалы білім беру, сауатты білім беру жүйесі арқылы күресу керектігіне сенімдімін. Біз әлдекімнің келіп, бірдеңе бергенін немесе көмектескенін күтпей, өз бетімізбен дамуымыз керек.

Қазақстан экономикасына құйылатын шетелдік инвестициялардың ағыны күшеюі үшін қандай негізгі шаралар қабылдау керек? Неліктен Қазақстан кезінде Сингапур жүріп өткен жолдан алыс? Сингапурлық инвесторларды Қазақстанда не қызықтырады? Осы және басқа да көптеген мәселелер жайында танымал қазақстандық бизнесмен, Arman Holding холдингінің басшысы Серікбай Бисекеевпен сұхбаттан оқисыздар. Сіз Қазақстан мен Сингапур арасында визасыз тәртіп болғанын қалайтыныңызды айттыңыз. Ол үшін не істеліп жатыр? Ресми деңгейде келіссөздер жүріп жатса, олар қандай сатыда? Иә, Қазақстан мен Сингапур арасында визасыз режим болғанын қалаймыз. Алайда оның қашан жүзеге асатынын білмеймін. Біз делегация ретінде Қазақстанның сыртқы істер министрімен жеке кездесуді жоспарлап отырмыз. Ол бізге осы мәселенің қандай деңгейде шешіліп жатқанын мәлімдейді деп сенеміз. Қазір виза мәселесі аса өзекті болып тұр. Мысалы, қазақстандық визаны алу үшін сингапурлықтар құжаттарды өз беттерімен рәсімдеуге мәжбүр. Оларда қазақстандық визаны сингапурлық виза сияқты электронды форматта рәсімдеу мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ виза алу үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстарды турфирмаға беру мүмкін емес. Осындай бюрократиялық ұсақ-түйектер үлкен түйткіл сияқты көрінбегенімен, шын мәнісінде олар белгілі бір кедергілер жасайды. Себебі әдетте бизнесмендер жұмысбасты, және осындай бюрократиялық кедергілер шетелдік инвестицияларды тарту немесе имидж тұрғысынан Қазақстанға жағымсыз сипат беруі мүмкін. Бұл мәселені сіз бір жыл бұрын көтергенсіз, және инвесторларға арналған жағдайды жақсарту үшін мемлекеттің не істеп жатқанына байланысты сіздің ұсыныстарыңыз күрделілеу. Бәлкім мен айтқан дүниелер күрделі көрінер, алайда менің мақсатым – экономиканы қаржыландырумен толтыру бойынша нақты шешімдер табу. Қазір президент пен үкімет жаңа жобаларды дамытуға мемлекеттің ақшасы жетпей жатыр дейді, сөйтіп, бюджетті қысқартуға тура келуде. Соның нәтижесінде адамдарға дамуға және жетілуге мүмкіндік беретін көптеген жобалар қысқартылып, жабылып қалады. Мұндай болмас үшін үкімет Сингапур сияқты дамыған елдердің инвесторлары үшін кедергілерді алып тастайтын заңдар жазуы тиіс. Сол кезде ғана Қазақстанда инвесторлардың саны артады. Ең бастысы, ондай қарапайым шараларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаражат жұмсау қажет емес. Егер барлық жағдайды жасасақ, инвесторлар бізге өздері келеді және салық төлеп, ел бюджетін толтырады. Демек бізге кезінде Сингапур жүріп өткен жолмен жүру керек қой. Инвесторларға барынша ашық болу керек пе? Иә! Бізге бар болғаны қолайлы жағдай жасау керек, сол кезде елімізге қаражат құйғысы келетін инвесторлар кезекке тұрады. Біз қазір бизнесмендерді шақырып, олардың әрқайсысына еріп жүргендей мұны қолдан басқарудың қажеті жоқ. Мұнымен әрбір министрдің де айналысуы міндетті емес. Егер біз ашық, жария жағдай жасасақ, адамдар өздеріп келіп, ол үшін министрге жүгінбестен, осы жерден компания аша алады. Сіз екі елдің инвестициялық әлеуетіне қандай баға бересіз? Алдағы уақытта мысалы қандай бірлескен кәсіпорындар ашылуы мүмкін? Сингапурлық инвесторларды Қазақстанда не қызықтырады? Сингапурлықтарға әрине бірінші кезекте біздің логистика саламыз және біздің транзиттік әлеуетіміз қызықты. Олар бұл істе әлем көшбасшылары және Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға Қазақстан арқылы қысқа жолмен жүк жеткізгісі келеді. Себебі тауарды теңізбен жеткізуге көбірек уақыт кетеді. Бұл бірінші. Ал екіншіден, меніңше, оларды туризм қызықтырады. Сингапурда туризм саласы жақсы дамыған, және біз елге қысқа мерзімде әлемдік деңгейдегі қонақүйлер, демалыс базаларын, санаторийлер және т.б. салып бере алатын сингапурлық туркомпанияларға жағдай жасар едік. Осылайша, туристік инфрақұрылымның құрылуына үлес қосылар еді. Тағы не? Дамуы Қазақстанға да, Сингапурға пайда әкелетін тағы бір тартымды сала тамақ өнеркәсібі деп ойлаймын. Сингапур аса дамыған тамақ өңдеу өнеркәсібіне ие, ал бізде шикізат, мысалы астық көп. Бізге осы шикізат шетелге сатылмай, өз елімізде өңделетіндей жағдай жасау керек. Бізге ресурстарымызды шашпай, түпкі өнімді өндіріп, оларды сату керек. Сол кезде ғана біз қосылған құн жасап, өнеркәсіпті көтеріп, шикізаттық тәуелділіктен құтыламыз. Айтпақшы, транзиттік әлеует туралы. Сингапур – жүз жыл алдыға стратегиялық жоспарлар құратын елдердің бірі. Еуразиялық экономикалық одақ немесе Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы олардың жоспарына кіре ме? Бұл туралы қарапайым сингапурлық бизнесмендер не ойлайды? Еуразиялық экономикалық одақ – Қазақстан үшін Ресейге шығудың жақсы мүмкіндігі. Біз Қазақстан аумағында өндірістер мен кәсіпорындар ашып, КО арқылы Ресейге өз өнімімізді жеткізе аламыз. Сингапурда әрине бұл туралы біледі. Қазір оларға бар керегі – олар мұнда кәсіпорындар ашуға қорықпас үшін өндіріс пен логистикаға инвестиция жасауға жағдай жасалуы. Сингапур экспорттау бизнесіне мықтап бет алған, олар нарықтарды жаулап алғысы келеді. Біз мұны пайдалануымыз керек. Оның үстіне, Жібек жолы жаһандық жобасы бұрынғыдан да көп мүмкіндіктер аша түседі. Осыны ескере отырып, жаңа нарықтарға шығудың амалдарын қарастырып отырған сингапурлықтар үшін Қазақстан шын мәнісінде «Еуропаға ашылған терезе» бола алады. Осы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін бізге нақты не істеу керек? Doing Business рейтингісі бойынша бизнес ашу, капиталды шығындарды өтеу, инвесторларға арналған салықтық жеңілдіктер тұрғысынан біздің жағдайымыз жаман емес. Мұның бәрі бар, алайда инвесторлар бізге әлі де белсенді тартылмай жатыр. Біз өзіміз иеленген жақсы жағдайдан басқа, өзіміздің жүз елдің қатарына қосыла алмайт отырғанымызға мән беруіміз керек. Әңгіме сот реформасы мен қауіпсіздікке қатысты мәселелер туралы. Бізге терең талдау жүргізіп, нені өзгертуіміз керектігін, инвесторлар үшін тартымсыздықтың кез келген себебі не болуы мүмкін, оны жою үшін не істеуге болатынын анықтау керек. Біз инвесторлардың толықтай қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше, олар бізге келмейді. Мұны қалай жасауға болады? Сот жүйесі мен қауіпсіздік бір күнде өзгере салмайды ғой. Жүйелі әрекет ету керек пе? Велосипедті әлдеқайда ойлап тапқан. Біз мысал ретінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сингапурлық үлгіні ала аламыз. Сингапур – әлемдегі ең ашық ел. Біз неліктен инвестициялау шарттарын тартымды етеміз де, сот жүйесін өзгертуге асықпаймыз? Неге осыдан бастамасқа? Әйтпесе, бұл ақшаның барлығы текке жұмсалады. Осы тұрғыдан біз Сингапурдың қандай тәжірибесін дереу ала аламыз, мәселен келесі жылы? Біз министрлерді отырғыза бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра бастадық. Алайда бұл тек бірлі-жарым шенеуніктерге қатысты болмас үшін, барлық шенеуніктердің, олардың туыстары мен жақын-жуықтарының шығыстарын бақылауға мүмкіндік беретін тұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені құру керек. Сингапурда бұл жағынан бәрі ашық, онда мұны қалай жасаудың тетіктері әзірленген және қолданылуда. Мұндай жүйе мысалы белгілі бір шенеуніктің Астанадан жүз пәтер сатып алуға немесе ондаған қымбат автомобиль сатып алуға қандай қатысы бар екенін тексеруге мүмкіндік берер еді. Сингапурдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үлгісі көптен бері жұмыс жасап келеді, алайда біздің мемлекеттік органдар ол жүйенің тек ішінара элементтерін пайдалануды жөн көреді. Менің пікірім – бұл жүйені толықтай енгізу керек. Сіз Сингапурдың бірінші премьер-министрі Ли Куан Юдың өз кітабында жазған идеяларынан шабыт алып, Сингапурға кеткеніңізді айттыңыз. Сізді оның қандай идеялары көбірек қанаттандырды? Ли Куан Юдың саясатының мәні – Сингапурды бүкіл әлем бойынша ел ретінде құрметтеуі және оның табысты болуы. Ол үшін адамдардың білімді әрі білікті болуы керек болды. Осы идеясы маған қатты ұнады. Егер елдің азаматтары білімді әрі кәсіпқой болса, елді әлемнің басқа елдерінің кәсіпқойлары сыйлайтын болады, олар бір тілде сөйлеседі. Мен кедейлікпен тек кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі, сапалы білім беру, сауатты білім беру жүйесі арқылы күресу керектігіне сенімдімін. Сингапурда жүйелі түрді алдымен осымен айналысты. Екіншісі – бұл барынша ашық сот жүйесін құру. Онда әлдекім қылмыс жасаса, жазадан бұлтара алмайды. Бізде мысалы кейбір заңдар тек «өзіміздікілер» үшін жұмыс істейді. Олардың көмегімен жоғары шенді ықпалды адамдар қалаған кезде сот төрелігінен құтылып кетеді. Мысалы, шенеуніктерге жазадан құтылу үшін айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін заң бар. Басқаша айтқанда, мемлекет шенеунікті мемлекеттен көбірек ұрлап, кейін сол ақшамен кінәсін жуып-шаюға итермелейді. Сондықтан мұндай істер бізге тиімді емес. Немесе тағы бір мысал: жел және күн энергетикасы саласындағы кейбір компанияларға арнайы тарифтер берілетіні маған мүлдем түсініксіз. Олар арнаулы тарифтерсіз-ақ жұмыс істей алатын нарықтағы басқа компанияларға берілетін тарифтерден 300%-ға ерекшеленеді. Мемлекеттің бұл әрекеті маған да, нарық ойыншыларына да түсініксіз. Егер нарық ойыншыларына қатысты мұндай әрекет жалғаса беретін болса, біз ел ретінде өспейміз. Ал Сингапур осы кедергілерді жеңе білді, және бұл мені қуантады. Сол себепті де мен онда кеттім. Барлығына Қазақстанда шешімдер әзірге жоғарыдан төмен қарай таралатыны белгілі. Демек, жоғарыдан қандай да бір нұсқау болмайынша, ешқандай елеулі өзгерістер болмайды. Сіз премьер-министрге немесе тіпті президентке бағытталған, ұсыныстары бар қандай да бір ресми құжат дайындадыңыз ба? Бәлкім, осы күнде қандай да бір келіссөздер өткізіп қойған боларсыз? Жоқ, мен ешкіммен келіссөздер жүргізгем жоқ. Тіпті айтарым: Президентті мықтап қоршайтын адамдардан, оған ешбір хатың өтпейді. Менің бірнеше таныстарым президентке хат жазуға тырысып көрді, алайда бірде бір хаттарды жетпеді. Себебі сол хаттарды жеткізбейтін белгілі бір адамдар тобы бар, олар ешкімге мемлекет басшысымен кездесуге мүмкіндік бермейді. Салыстыра кетсек: Ли Куан Ю тәуелсіз пікірлерді тыңдау үшін әрдайым қызықты әрі табысты бизнесмендермен кездесіп отыратын. Ал біздің президентімізді табысты адамдармен кездесіп, олардың пікірін тыңдауға мүмкіндік бермейтін адамдар қоршап алған. Меніңше, ол қазір белгілі бір вакуумды кеңістікте – өз адамдарының қоршауында, іс жүзіндегі ақпараттан алыс. Ал егер президент Ли Куан Юдың істегенін істесе, жай істеп қоймай, тәжірибе ретінде қабылдаса, біз бизнесмендер ретінде оған іс жүзіндегі ақпаратты жеткізер едік. Сол кезде бәрі жылдам әрі тиімдірек жүріп, ел дамитын еді. Негізгі материалға сілтеме: AND.KZ

Добавить комментарий