БАҚ

Ауылдан шыққан миллионер Серікбай БИСЕКЕЕВ: Қазақтар сабырға келіп, тек көлік пен қолсағатқа қарап емес, ақыл-ойына қарап сынайтынын түсінетін болады


26.06.2014
0

Ауылдан шыққан миллионер Серікбай БИСЕКЕЕВ: Қазақтар сабырға келіп, тек көлік пен қолсағатқа қарап емес, ақыл-ойына қарап сынайтынын түсінетін болады

Ауылдан шыққан миллионер, қазақтың Стив Джобсы – Қазақстаннан шыққан кәсіпкер, «Арман» холдингінің президенті Серікбай БИСЕКЕЕВті осылай атайды. Қостанай облысындағы Қамысты кентіндегі мектепті бітіріп, 1988 жылы отандасымыз Калинин атындағы атақты Ленинград политехіне оқуға түсті. Алты жыл өтісімен РФ-да ұялы телефондардың сатылымы бойынша өзінің алғашқы бизнесін бастады. 2012 жылы Серікбай Бисекеев Ресейдің үздік кәсіпкері атанды. Қазір ол Сингапурда тұрады. self-made man-нің күн тәртібіндегі жоспары қандай, бизнесмен кедейшілікпен қалай күреседі, қазаққа тән мақтаншақтық туралы не ойлайды және нені армандайды – бұл туралы кәсіпкер «Мегаполиске» берген сұхбатында айтып берді.

10 пайызы – есі дұрыс емес адамдар. Олардың 5% психиатриялық ауруханаларда, ал бес пайызы – бостандықта жүрген бизнесмендер.

– Серікбай, табысты бизнесмен болғысы келетіндерге арналған түрлі басылымдардың, тренингтердің көптігіне қарамастан, бұл барлығының қолынан келе бермейді. Бұл өнердегідей, биші және суретші болып туылу керек деген сияқты ма?

 Иә, расында кәсіпкер болып туылу керек шығар. Олар ерекше көзқараспен өмір сүретін, тәуекелге бел буа алатын, есі кеткен алдамдар. Жер бетін мекендейтін адамдардың 90% - есі түзу адамдар, 10 пайызы – есі дұрыс еместер. Олардың ішінде 5% психиатриялық ауруханаларда, 5% - бизнеспен айналысып жүргендер. Оларға істеме десе, ол алға басып, тәуекелге бел буып, іс қылады. Себебі оның арманы бар, және өзіне шектеу қоймайды.

 Self-mademan – бұл сіз туралы. Неден бастадыңыз, нені бастан кешіріп, қандай байламға келдіңіз?

 Менің бизнесте жүргеніме 30 жылға таяды, 16 жасымда көкөніс базарында вагондардан жүк түсіруден бастадым, құрылыс жасақтарында жұмыс жасадым, бір жарым-екі айда біз 4 мың рубльге дейін табыс табатынбыз. Бұл сол кездегі автомобильдің құны. Одан кейін ұялы телефондар сатумен, биржамен, алыпсатарлықпен айналыстым.

Маған жиі «Сен Ресейде бизнесті бастаған кезде бәрі оңайлау болатын, кооперативтік қозғалыс енді басталып, бәсекелестік төмен болды дейді». Мен үшін сол «жеңіл» дегені бес миллион халық тұратын қалада жергілікті тұрғындардан ерекшеленетін ұлт өкілі болып, күніне ондаған адамды өлтіріп кететін, кәсіпкерлердің саны рэкетирлерден он есе аз болатын қалада өмір сүру болатын. Алайда оны ойлап жатуға уақыт болмады – тіршілік ету керек болды.

– Бизнесмен Серікбай Бисекеевтің күн тәртібінде қандай мәселе тұр?

 Мына әлем күн сайын өзгеруде, және біз біріншіден қаржы институттарына жақын болу керектігін түсінеміз. Екіншіден, саяси және басқа да санкциялар аясында өз бизнесіңді әртараптандыру керек. Рейдерлік Ресейде, Қазақстан мен басқа да аймақтарда әлі күнге дейін бар. Сондықтан саяси және қаржылық тәуекелдерді әртараптандыру керек. Еуропа мен Америка тоқырауда, сондықтан осы сәтте Үндістанның, Оңтүстік-Шығыс Азия мен MiddleEast-тің жылдам өсуші және жылдам дамушы нарықтары қызық. Бұл 2 млрд халықты қамтиды.

– Жаңа аймақтарға не арқылы енбекшісіз?

 Әдеттегідей кез келген нарықтарға біз өз өніміміз арқылы кіреміз. Сондықтан белгілі бір нәтижеге қол жеткізген бағыттарда әрекет етеміз. Біз телекоммуникациялық өнімді өндіреміз, және оның негізінде жүйелік интеграцияны, басқа құрылғыларды ұсынамыз, бұл ортаға бейнекамераларды, қолжетімділікті бақылауды қосамыз. Одан кейін электр қуатын тиімді өндіру бойынша инновациялық шешімдер кетеді. Келесі кезең – жаңартылатын қуат көздері, олардың болашағы басқа. 10 жылдан кейін электр стансалары, МӨЗ-дер болмайды. Және қазір оларды салудың еш қисыны жоқ. Электр, бензин өндіруді алмастыратын жаңартылатын қуат көздеріне күш салу керек.

– Ал қазақстандық билікке осы идеялармен жүгіндіңіз бе?

 Әркім өз ісімен айналысады, мен өз сұхбаттарымда түрлі шешімдер ұсынамын. Ал ҚР-да сыншылар көп-ақ.

– Сізге қазақстандық саясатқа араласу ұсыныстары түсті ме?

-10 жылдан кейін электр стансалары, МӨЗ-дер болмайды. Және қазір оларды салудың еш қисыны жоқ.

 Ғаламторда маған премьер-министрдің де, көлік министрінің де орынтағы ұсынылды деп жазуда. Қандай лауазым ұсынылмады десеңізші! (күледі). Алайда мен бизнесменмін, және өз уақытыма өзім иемін. Егер сен мен сияқты ешкімнің қоластында жұмыс жасамаған болсаң, оны енді жасамайсың. Мен балаларыма қанша қаласам, сонша уақыт бөлгім келеді. Сұранғым келмейді, анда бара аласың, мында бара алмайсың дегенге көне алмаймын.

– Астана экономикалық форумында Қазақстан президенті саясаткерлердің күші кедейшілікті жоюға бағытталуы тиіс деп мәлімдеп, сәйкес «Жол картасын» құруды ұсынды. Бұл туралы бірнеше мәрте өз сөздеріңізде және жобаларыңызда сіз де айтып жүрсіз.

 Кедейшілікті біліммен жеңу керек. Егер әркім өз саласының кәсіпқойы болса, ел молшылықта өмір сүреді.

Мен өз сайтымда вебинарлар өткіземін, түрлі қалаларда дәрістер оқимын. Сондай-ақ біздің аудиториямыздың сұрақтарына жауап беретін үздік кәсіпкерлермен, сарапшылармен бейнероликтер жазамын. Және егер менің қолымнан білім тарату арқылы Қазақстандағы кедейлер мен байлардың пайыздық қатынасын өзгерту келсе, бұл – мен үшін бақыт.

– Сіздіңше, Қазақстанда да сингапурлық экономикалық ғажайыпты қайталау мүмкін бе?

– Сингапур – Қазақстан сияқты шығыс елі. Онда да туыстық, ағайындық байланыстар қатты дамыған, олардың жемқорлығы біздегіден ерекшеленбейді. Алайда білімі посткеңестіктен әлдеқайда төмен болған елде 48 жыл ішінде адамдар біздегіден әлдеқайда жақсы өмір сүріп кетті. Мұнда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы маңызды лауазымдардан үміткерлерге талаптар айқын жазылған. Жыл сайын өз қызметкерлерін тәуелсіз аттестациядан өткізеді, басқаруға ең қабілеттілерді тартады. Қазақстанда біреудің қолдауынсыз жоғары қызметке орналасу мүмкіндігі жоқ. Басқарушы лауазымдарды бизнесте бір күн де жұмыс жасамаған, бірде бір корпорация құрмаған адамдар иеленеді. Ал өмірінде жетістікке жетпеген адамдар ең үлкен корпорация – елді қалай басқармақ?

-Өмірінде жетістікке жетпеген адамдар ең үлкен корпорация – елді қалай басқармақ?

-Мұнан басқа, Сингапурда бос сөзге бас ауыртпайды. Мемлекеттегі ең маңыздысы – қажеттіліктері бар адам. Мұнда жақсы білім алу мен жұмыс, адам мен оның отбасының жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда қосарлама стандарттар жоқ. Жол жүру ережесін бұздың ба, адам қақтың ба – түрмеге отырасың.

– Ресми түрде қай елдің азаматысыз және іштей өзіңізді қай елдің азаматымын деп есептейсіз?

 Мен Ресей азаматымын. Мен өзімді әлем азаматы ретінде сеземін. Мен қайда жүрсем де: Еуропада, Ресейде, Қазақстанда өзімді жақсы сезінемін. Маған «бөтен мемлекетте ешқашан сені өздеріндей қабылдамайды» дейді. Ал маған ол керек те емес. Маған кез келген елден табылатын ақылды, қызықты адамдардың арасында өмір сүру ыңғайлы.

– Болашағыңызды қай елмен байланыстырасыз?

 Алдағы 10 жылда – Жер ғаламшарымен.

– Сіздің тәулігіңізде 24 сағат па әлде одан көп пе?

 Биологиялық тұрғыдан иә, ал іс жүзінде сол  24 сағат ішінде 10 адамның ісін атқаруға тырысасың. Бұл өз күніңді және өміріңді жоспарлау мәселесіне қатысты. Қазақтарда бір айда 33 той жоспарланады – үйлену тойлары, баланың дүниеге келуі және тағысын тағылар. Бұл тойларда тауарлар айналымын жасап, тіпті биржа құруға болатын шығар. Алайда өмірде басқа да құндылықтар бар.

– Қазаққа тән мақтаншақтық туралы не ойлайсыз?

 Бұл да өтеді. Қазақтар сабырға келіп, көлігі мен қолсағатына қарап емес, ақыл-ойына қарап сынайтынын түсінетін болады. Қазақтардың өміріндегі бұл кезең жақын уақытта аяқталады деп сенемін. Мен үшін Vertu ма, әлде қарапайым ұялы телефон ба маңызы жоқ. Одан да 5 есе арзан тұратын, алайда атқарымдылығы бірнеше есеге артық смартфон алған жақсы.

– Нені армандайсыз?

 Менің балаларым өзіндік ойлары бар, жаңа идеялар мен шешімдерді дүниеге әкелетін бақытты, тәуелсіз кәсіпқойлар болса деп армандаймын. Балаларыма ең жақсы білімді беріп, өз беттерімен өмір сүруге бейімдегім келеді.

Маған жиі өз өмірің туралы, табысқа қала қол жеткізгенің туралы кітап жаз деп қолқа салады. Алайда мен әлі жаспын, өмірімнің парақтары енді бастап жазылуда.

Дерексөз:megapolis.kz.

Добавить комментарий