БАҚ

БЖК бойынша жұмыс жасайтын банктерге қойылатын талаптарды қатайту керек – С. Бисекеев


01.01.2015
0

БЖК бойынша жұмыс жасайтын банктерге қойылатын талаптарды қатайту керек – С. Бисекеев

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директоры Серікбай Бисекеев Кәсіпкер-қор мен екінші деңгейлі банктердің «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша қарыз беру жұмысының кестесін өзгерту керек деп санайды. canada hospital pharmacy Мұндай пікірді сарапшы ҚР барлық аймақтарының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының қатысуымен өткен вебинар барысында білдірді. Түрлі қалалардағы кәсіпкерлермен тікелей диалог бизнесті дамыту мәселелері бойынша жеке-дара кеңес беріп қоймай, Қор, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жұмысын жетілдіру бойынша тілектерді естуге мүмкіндік берді. 2015 жылы жұмыс жасауды қажет ететін маңызды мәселелердің бірі – ШОБ несиелендіруге кепіл беру бойынша талаптарды өзгерту, бағдарламаларға қатысу тетігін жеңілдету. «Мен егер мемлекет «Даму» арқылы қаражат бөлсе, КДБ «Даму» талаптарына мойынсұнулары тиіс деп санаймын. Ал қазір олар өз өмірлерін сүруде, әрбір банкте өздері қажетті деп тапқан үлгіні толтыруды сұрайды. Мен «Даму» бағдарламалары қатысушылары үшін бірегей өтінім шаблонын шығаруды ұсындым. Бұл бизнесменге оны 1 рет толтырып, 5-6 банкке жіберуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер жүгіріп жүрмеуі үшін, ал банктер қызметкерлері оның дәл өздерінің банктерінен несие алғанына мүдделі болуы үшін банктер арасында өзіндік тендер құру керек. Банктерге әрбір қарыз алушы бойынша мәліметтер базасы жетіспейді. Әлеуетті қарыз алушының несие тарихын зерттеп, оның жүріс-тұрыс үлгілерін, оның коммуналдық төлемдерді және т.б. қалай жасайтынын бағалап, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуы, несие беру pharmacy technician course canada online бойынша шешім қабылдауды жеделдету үшін салық комитеті мен «Даму» өзара ықпалдасуы тиіс», - деп түсіндірді «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директоры, «Singapore Business Federation» федерациясының мүшесі Серікбай Бисекеев. Серікбай Бисекеев 2012 жылы Ernst&Young «B2B» аталымында «Ресейдің үздік кәсіпкері» атанды. Бүгінде ол энергетика және телекоммуникация саласындағы интеграциялық шешімдердің өндірушісі әрі жеткізушісі «Arman Holding» КТ негізін қалаушы әрі президенті, диреткорлар кеңесінің төрағасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директоры болып табылады. Негізгі материалға сілтеме: Zakon.kz

Добавить комментарий