БАҚ

Ұрпақтар арасындағы сабақтастық


12.04.2013
0

Ұрпақтар арасындағы сабақтастық

Кәсіпкерлер нарығында бәсеке үлкен, алайда бұл бизнесмен Серікбай Бисекеевке 2012 жылы РФ бойынша үздік кәсіпкер атануға кедергі болмады. Ол Ресейде тұрса да, өз тәжірибесімен Қазақстанда да бөлісуге дайын. Дәл осы мақсатпен ол жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездесті. Ресей мен Қазақстандағы бизнесті жүргізу ережелерін салыстыра отырып, Серікбай Бисекеев әртүрлі нарықтарда жұмыс істеу бірінші кезекте кез келген бизнесмен үшін ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі деп атайды. Кәсіпкердің айтуынша, бір-бірінен ең жақсысын алып, табысқа жеткендердің тәжірибесін пайдалана білу керек. «Назарбаев атындағы университет студенттерге дәріс беру үшін жиі халықаралық мамандарды шақырады.Дәл осылайша ресейлік нарықта бизнес құру туралы білімдермен бөлісу үшін ресейлік сарпашыларды да шақыруға болады», - деген пікірде Бисекеев мырза. Ол өзін ықылас қойып тыңдаған аудиторияға нарықтағы алыптарға жүгірмей, өз жолын табуға, өзінің арманын қуалап, өз идеяларын жүзеге асыруға кеңес берді. Бүгінде велосипедті қайта ойлап тапқан өзекті емес, алайда оны жетілдіре түскен қызығырақ болмақ. Кәсіпкердің айтуынша, табысқа жетудің негізгі факторы – тәуекелге бару қорқынышынан арылу, оны еңсеруде байсалдылық таныта білу. Сондай-ақ, «жылтырағанға» қызықпай, өзіңмен өзің болу маңызды. Себебі, қарапайымдылық пен байсалдылық өмірдің барлық саласында, оның ішінде бизнесте де адамды тартымды ете түседі.Біздің отандасымыз Қазақстанның жарқын болашағына сенеді, бай ресурстарға ие еліміз әлемдік нарықтарды бағындыруға дайын деп санайды. «Ең бастысы – өз күшіңе сену, соны идеяларға ие болып, ертеңге қалдырмай, талмай жұмыс жасауды бастау», - деп санайды бизнесмен.Бизнесменнің жастармен кедесуі бүгінде бизнестің жастардың ынта-жігерінің негізінде құрылып, бизнесте тәжірибесі барлардың қолдауына ие болатынының тағы бір көрінісі. Айта кететін жайт, тәрбиелеу, жетекшілік ету мәселесінің елімізде өзектілігі арта түсті. Бір жағынан біртіндеп өздерінің кәсіпкерлік тәжірибесімен бөлісуге дайын табысты отандық бизнесмендер тобы құрыла бастаса, екінші жағынан қазіргі заманда бизнес құру туралы өзіндік көзқарастары қалыптасқан жастар мұқият тыңдап, аға буынның кеңестеріне құлақ асуға дайын.

Авторы: Мәдина Мұсаева

Дереккөз осында

Добавить комментарий